Көкшетауда жаңа шіркеу салынады

Өткен сенбі күні облыс әкімі Сергей Кулагин өңірімізге жұмыс сапарымен келген еліміздегі орыс православие шіркеуінің митрополит округінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Могилевті қабылдады.

  Бұл күні Көкшетаудағы православие дінін ұстанушылар үшін есте қаларлық күн болды десек те, артық айтқандық емес. Себебі, христиан әлемі үшін қасиетті тұлға саналатын Владимир Святославич князьдың дүниеден озғанына мың жыл толуына орай облыс орталығындағы «Архис-тратиг Михаил приходы» православие шіркеуінің ғимаратында мемориалдық тақта ашылды.  Салтанатты рәсімнен кейін митрополит Александр Могилев бастаған қонақтар облыс әкімі Сергей Кулагиннің қабылдауында болды. Кездесу барысында облыс әкімі аймақтағы өзге конфессиялармен бірге, орыс  православие шіркеуінің де түрлі этностар арасындағы береке-бірлікті нығайтуға, жастарды патриоттыққа тәрбиелеуде зор үлес қосып келе жатқандығын атап көрсетті.
– Елбасымыздың саясаты достықты нығайтуға, діндер арасындағы өзара түсіністікті сақтауға бағытталғаны баршамызға аян. Мемлекетіміздің осы тәжірибесі көптеген елдерге үлгі бола алады. Қазіргі таңда әлемде болып жатқан экстремизм көріністері бізге одан да бетер тату болуға, әсіресе жас ұрпақтың тәрбиесін мықтап қолға алу қажеттігін ескертеді. Бұл баршамыздың алдымызда тұрған өте жауапты мін-
дет, – деді өңір басшысы.
Одан әрі меймандар қалада жаңа шіркеу салынатын жерде діни рәсім өткізді. Жиналған қауым алдында сөз алған  Астана және Қазақстан митрополиті Александр Могилев Президентіміздің салиқалы саясатының арқасында елімізде бейбітшілік, ұлтаралық татулық, келісім орнағанын ерекше атап өтіп, көпшіліктің көмегімен көп ұзамай Көкшетауда сәулетті жаңа шіркеу бой көтеретініне зор сенім білдірді. Шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов те қатысып, сөз сөйледі. Облыстық орыс драма театрының ұжымы да бұл шаралардан қалыс қалмады. Олар жиналған жұртшылыққа князь Владимирдің өмірі туралы тың деректі фильм ұсынып, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған спектакль қойды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар