Бірлесіп талқылады

Жуырда Астана қаласында «Астана агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық сұлбасы» жобасы тақырыбында қоғамдық талқылау болып өтті.

Бұл жиынға Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Дулат Нұрмолдин, Астана қалалық мәслихатының хатшысы Сансызбай Есілов, мәслихат депутаттары, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері  қатысты.
Кездесуде «Астанабасжоспар» ҒЗЖИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері Астананың агломерациясын дамытудың жалпы бағыттары, ауыл шаруашылығы және азық-түлік белдеуін дамыту туралы ақпарат берді. Айта кетейік, елорданың агломерация шекарасына 127 елді мекен, соның ішінде облысымыздың Аршалы, Целиноград, Шортанды және Ақкөл аудандары кіреді. Жобаға сәйкес аталған елді мекендер өңіраралық байланыс интеграциясымен көпфункционалды аймақ ретінде дамитын болады. Жобаны жүзеге асыруға инвестиция тартылмақшы.
Депутаттар мен мемлекеттік органдар басшылары қоғамдық талқылау барысында өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, елорданы дамытуда бұл жобаның маңыздылығына тоқталды. Бір жағынан ол астаналық облыстың экономикасын дамытуға да оң серпін беретіні сөзсіз.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар