Қаржы тиімді жұмсалсын

 «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси бюро кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың мақсатты игерілуі мен партияның сайлауалды тұғырнамасының жүзеге асырылуы  жөніндегі мәселелер талқыланды.

  Филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов жүргізіп отырған отырыста  күн тәртібіндегі бірінші мәселе бо-йынша облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мүсірәлімова баяндама жасап, қазіргі таңда облысымызда жүзден астам этнос өкілдері тұрып жатқанын айтты. Олардың 49,64 пайызын қазақтар, 34,1 пайызын орыстар және қалған бөлігін украин, неміс, татар, поляк секілді ұлт өкілдері құрайды. 45 этномәдени бірлестік жұмыс істеп тұр. Соңғы жылдары елімізге алыс-жақын шет елдерден келімді-кетімді  адамдардың қарасы көп байқалатын көрінеді.
Мәселен, жыл басынан бері Қырғызстан Республикасынан 821 адам келсе, Шешенстан мен
Ингушетиядан – 478, Өзбекстаннан – 4590, Тәжікстаннан – 407 адам облыс аумағында болған. Бұл көрсеткіштер өткен жылдардағымен салыстырғанда едәуір жоғары. Жүргізілген сауалнама нәтижелері өңіріміздің қоғамдық-саяси ахуалы, ұлтаралық және дінаралық келісім тұрақты  екенін көрсетеді.
Одан әрі сөз облыстық мәслихаттың «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Сергей Зиборовқа беріліп, ол бюджеттен және еліміздің ұлттық қорынан бөлінетін қаржының мақсатты игерілуін қадағалау жөніндегі арнайы комиссияның атқарған жұмысы жайлы тарқатып айтты. Нақты тоқтала кетсек, облысымызда  ұлттық қордан бөлінген қаражат есебінен «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде бірқатар жобалар жүзеге асуда. Солардың басым бөлігі облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысына жұмсалуда. Осы орайда, Қопа көлін жағалай бойлаған «Жансая» тұрғын үй кешенін атап өтуге болады.    
Сондай-ақ, жиында баста-
уыш партия ұйымдарынан келген өкілдер де сөз алып, өз ұжымдарында партиямен бекітілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында қолға алынған істерді баяндады.       
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар