Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бақылау күшейтілуі тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Бақылау күшейтілуі тиіс

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысында  ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар сараланды.

Жергілікті жердегі  филиалдардың  партиялық бақылау жұмыстарын қалай атқарып жатқандығы кеңінен әңгіме болды. Себебі, кей өңірлерде партия қатарынан шығушылар саны көбейе түскен. Мысалы, осы отырыста есеп берген Степногорск қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Қажымұрат Шәкенов  партияға мүшелік көрсеткіші жұмыссыздар есебінен азайып отырғанын атап көрсетті.
Керісінше, бірқатар аудандарда партияға қабылдау да, мүшелік жарна жинау да жақсы жолға қойылғаны баса айтылды. Жұмыссыздық тек Степногорск қаласына тән емес. Өзге өңірлерде де бұл мәселе туындап отыр. Бірақ, жергілікті партия филиалы бұл бағытта қарымды жұмыс істеп отырғанын да көруге болады.
Бұл ретте Ақкөл, Атбасар, Бұланды, Еңбекшілдер, Есіл және Жарқайың  аудандық партия филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары Бауыржан Өмірбаев, Қорлан Тәжденова, Бектас Қожақанов, Өміртай Жомартов, Әнел Ерденова және Жанат Мыңбаевтар өз есептерінде жергілікті жердегі жағдайға кеңінен тоқталып, келелі мәселелер жөнінде ойларын ортаға салды.
Одан әрі  өңірлердегі партия мүшелері арасында  сыбайлас жемқорлық көріністердің  белең алу оқиғалары да талқыға түсті.  Қызмет бабында жемқорлыққа салынып, билік партиясының атына кір келтіретіндер де жоқ емес. Сондықтан, алдын алу жұмыстарын жандандыруға баса назар аударылу керек.  Шараға төрағалық еткен облыстық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Ғайса өзінің  қорытынды сөзінде  қадағалау жұмысын жақсартудың жайын айтып, алдағы жұмыс жоспарын жұрт назарына ұсынды. Сөйтіп, күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар