Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №128 Қаулысымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі құрылды. - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №128 Қаулысымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі құрылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы осы Қаулымен аталған министрліктің құрылымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросын құрды.

Т.С. Донақовты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі қызметіне тағайындау туралы

Талғат Советбекұлы Донақов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылсын.
 
Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаев.
 
Астана, Ақорда, 2015 жылғы  11 желтоқсан,  № 129

М.Б. Бекетаевты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындау туралы

 Марат Бақытжанұлы Бекетаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын.
 
Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаев.
 
Астана, Ақорда, 2015 жылғы  11 желтоқсан, № 131

Ә.А. Смайыловты Қазақстан
Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындау туралы

Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын.
 
Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаев.
 
Астана, Ақорда, 2015 жылғы  11 желтоқсан,  № 132

А.С. Смолинді Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметіне тағайындау туралы

Анатолий Сергеевич Смолин Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалсын.
 
 Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаев.
 
Астана, Ақорда,  2015 жылғы  11 желтоқсан, № 133

«Қ.П. Қожамжаров туралы» Мемлекет басшысының Өкімі

Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы болып тағайындалсын.
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.
                                                                           
Астана, Ақорда, 2015 жылғы  11 желтоқсан, № 39

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар