Ел қуаты артып келеді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайында Индустрияландыру картасы жобаларының тұсаукесеріне және «Алтын сапа», «Парыз» конкурстары мен Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты. 

  Шара шеңберінде Мемлекет басшысы индустриялық-инновациялық жобалар көрмесін аралап көрді. Жалпыұлттық телекөпір барысында  индустриялық-инновациялық бағдарламаның қорытындылары шығарылып, Индустрияландыру картасының 18 жаңа нысанының тұсаукесері өткізілді, оларды Қазақстан Президенті онлайн режимінде іске қосты.
Шараға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Елбасы еліміздің индустриялық-инновациялық даму шеңберінде қол жеткізген жетістіктерін атап өтті. Биыл Қазақстан әлемдегі таңдаулы 50 экспортқа шығарушылар арасында 43-інші  орыннан көрінді. Мемлекет басшысы өз сөзінде биыл әр салада 120 индустриялық жобаның іске асырылғанына тоқталды.  Бүгінгі телекөпір барысында іске қосылатын 16 жоба бойынша 3300 тұрақты жұмыс орны ашылатын болады. Жаңа кәсіпорындардың әрқайсысы жыл сайын орташа есеппен алғанда 81 миллиард теңгенің өнімін шығармақшы. Сөйтіп, бұл жобалар біздің экономикаға шамамен 270 миллиард теңге қосымша пайда әкеледі, – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы. Елбасы сондай-ақ, іске қосылған индустриялық жобалар Тәуелсіздік күніне Қазақстанның бүкіл халқына өзіндік бір сыйлық болып табылатындығын баса атап өтті. Өз сөзінде тағы да барлық отандық кәсіпкерлерді еліміздің индустриялық қуатын нығайтуға белсене атсалысуға шақырды.   
Сөзінің соңында Қазақстан Президенті барлық халықты алда келе жатқан айшықты мерекелер – Тәуелсіздік күнімен және Жаңа жылмен құттықтады.  Мемлекет басшысы шара шеңберінде KAZ Minerals тобының президенті В.Кимге «2015 жылдың үздік индустриялық жобасы», «Элтекс Алатау» ЖШС директоры Н.Жәнібековке «2015 жылдың үздік инновациялық жобасы» «Алтын сапа» конкурсының арнайы сыйлықтарын, «Самұрық-Энерго» АҚ басқармасының төрағасы А.Сатқалиевке «Парыз» конкурсының гран-приін тапсырды.
2015 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 120 жаңа нысан пайдалануға беріліп, 10 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. 2010 жылдан 2015 жылға дейін барлығы
85 мың тұрақты жұмыс орны құрылып, 890 нысан іске қосылды, олардың  90 пайызы жеке кәсіпкерліктің қаржысы есебінен жүзеге асырылды. 

 

 

Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысының «Алтын сапа» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті.

 

Байқау жеңімпаздары «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын» және «Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын» аталымдары бойынша үш сатылы негізде анықталған болатын. Жеңімпаздарға Мемлекет басшысының арнайы сыйлығын Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова мен Премьер-Министр Кәрім Мәсімов салтанатты жағдайда табыс етті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар