Үкілі үміттің тірегі

Елбасымыз Нұрсұлтан  Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауы – тәуелсіз еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына жаңа серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған  тарихи құжат. Мемлекет басшысы Жолдауда техникалық және кәсіптік білім беруге көп көңіл бөледі. Бұл инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарының бірі.

2017 жылдан бастап «Жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім беру»  жаңа жобасының басталуы қуанарлық жағдай. Әрі болашаққа деген сенімді бекіте түсті. Мемлекет басшысы жастарды жұмысшы мамандықтарын игеруге шақырды. Бүгінде жаңа технологиялар көп болсадағы,  техникалық мамандар кез-келген өндіріске  ауадай қажет.
Облыста білікті жұмысшы кадрларын және орта буын мамандарын даярлауды  36 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жүзеге асырады.  Оның ішінде 27 мемлекеттік және 9 жеке,  жалпы контингенті 20970 адам. Оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде 13255 адам білім алуда. Кадрлар даярлау құрылымында техникалық, технологиялық, ауыл шаруашылығы мамандықтары басым.
Ағымдағы жылдан ауыл жастарына техникалық және кәсіптік білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қорғалжын және Егіндікөл аудандарында құрылымдық бөлімшелер базасында жұмысшы мамандықтары бойынша жастарды даярлауды жүзеге асыратын 2 агротехникалық колледж құрылды. Білікті мамандарды оқыту және кәсіби-техникалық білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру көрсеткішін арттыру мақсатында дуальды оқыту жүйесі енгізіліп отыр. Осы технологияны табысты енгізіп жатқан колледждер  саны соңғы 3 жылда мемлекеттік ұйымдарының жалпы санынан 59 пайызды құрайды. Онда металлургия және машина жасау, сервис, көлік, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, медицина салалары бойынша шәкірттер оқытылуда.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы – Ұлт жоспарының 77-тармағына сәйкес Көкшетау қаласындағы  Жоғары техникалық мектеп «Кәсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамының
10 әріптес колледждерінің құрамына кірді.
Жоғары техникалық мектеп серіктестік колледжі ретінде жаңа буынның 2 эксперименттік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айынан бастап аталмыш мекемеде  халықаралық талаптарды ескере отырып, құзыреттілік тәсілі негізінде жаңа буынның білім беру бағдарламалары енгізілуде және бейімделуде. 11 сынып базасында 50 студентті техник-механик, станок операторы мен техник-бағдарламашы біліктіліктері бойынша, модульдік оқу бағдарламалары негізінде «Ақпараттық жүйелер» мен «Механо өңдеу, өлшеуіш-бақылау құралдары және кәсіпорындағы автоматикасы» мамандықтары бойынша даярлау басталды.  
Республикалық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен мектеп базасында ағымдағы жылдың мамыр айында сандық бағдарламамен басқарылатын фрезерлік және токарьлық жабдықтар базасында оқу-өндірістік орталық құрылды. Сонымен бірге, 2011 жылдан бастап мектепте пилоттық режимде студенттерді белсенді кәсіби қызметке қосу процесінде даярлаудың сапалы жаңа деңгейін қамтамасыз ететін қолданбалы бакалавриаттың интеграцияланған білім беру бағдарламасы енгізілді. Оған қоса, облыста жұмысшы мамандықтарды дәріптеу мақсатында жас дәнекерлеушілер, токарьлар, құрылысшылар, аспазшылар және басқа да жұмысшы мамандықтары арасында кәсіби шеберлік сайыстары жалғастырылуда.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың техникалық және кәсіптік білім беру қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша Жолдауын іске асыру мақсатында  кешенді шаралар легі  ұйымдастырылмақ.

Балым ІЗБАСАРОВА,
облыстық білім  
басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар