Көкшетауда жүк көлігін шығарумен айналысатын «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамы еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірі.
Зауытта құрастырылып шығарылған әрбір жүк көлігі тапсырыс берушілер тарапынан жақсы бағаланып, сұранысқа ие болуда. Осы орайда, жүк көлігін құрастырудың шебері Рүстем Жұмабаевты ерекше атап өтуге болады.
Оның мұнда жұмыс істеп жатқанына екі жылдан астам уақыт өтті. Алғашқы еңбек жолын осында бастаған ол қазіргі кезде аталған зауытта слесарь жұмысының шебері болып еңбек етуде. Жұмыстың барлық кезеңінде өзін білікті маман ретінде таныта білген іскер жан бұл күнде өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқаруда.
Аслан ОСПАНОВ.
Көкшетау қаласы.
Суретте: құрастыру шебері Рүстем Жұмабаев.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.