Жүрегі жомарт, қолы алтын

Қолөнер шебері Мария Павловнаны шортандылықтардың барлығы таниды десек, қателеспеспіз. Өйткені, ол бұл өлкеде бұрыннан бері тұрады, әрі денсаулық сақтау саласына да біраз еңбегі сіңген.

Кезінде Алматы, Мәскеу қалалары мен Польшада дәрігерлік білім алған. Отыз жылдық еңбек жолы аудандық ауруханада өтті. Зейнеткерлікке шығардың алдында аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары болып та жұмыс істеді.  Қазіргі таңда құрметті демалыста жүрсе де, үйде бос отырмайды.
Тоқыма тоқып, қолөнермен айналысқанды жақсы көреді. Тоқымаға салған ою-өрнектері, тоқу стилі бір-біріне ұқсамайды, әрқайсысы өзінше ерекше. Бұл да кейіпкеріміздің жоғары талғампаздығын, шеберлігін көрсетсе керек. Оның туындыларына жерлестері ғана емес, шетелдіктер де қызыға қарайды. Біраз тоқымалары  Польшаның шіркеуінде, Ресей мен Германия мемлекеттерінің мұражайларына қойылған екен. Зейнеткер ауданда өтетін көрмелерге де белсене қатысады. Биыл оның Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына, осы сынды басқа да мерейлі даталарға арнап тоқыған әсем дүниелері көпшіліктің зор сүйіспеншілігіне бөленді.  
Инна МИНАСЯН.
Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар