Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастардың талабы зор - АРҚА АЖАРЫ

Жастардың талабы зор

Облыс орталығындағы №18  орта мектептің 6 сынып оқушысы Алина Пикулина өзге ұлт өкілдері арасында ұйымдастырылған «Тілі басқа, тілегі бір, жүзі  басқа, жүрегі бір» байқауында жүлделі орынға қол жеткізді.

Жастайынан өзінің ана тілімен қатар, қазақ, ағылшын тілдерін де жетік меңгеріп өскен орыс қызы сайыс барысында ұлы ақынымыз Абайдың қара сөздерін жатқа айтып, шығарманы да жақсы жазған. Сөйтіп, қала мектептерінен келген он екі қатысушының ішінен жүлделі үшінші орынға қол жеткізген. Бұл жерде Алинаның талабымен қатар, оны байқауға дайындаған ұстазы, аталған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жансая Қуанышбекқызының да еңбегін айта кету керек.
–Бұл сыныпқа биылдан бастап қана сабақ беріп келемін. Басқа оқушыларға қарағанда Алинаның оқуға, әсіресе, қазақ жазушыларының шығармашылығына деген қызығушылығы өте зор. Диктант, мазмұндамаларды қатесіз жазады. Өзге ұлттың өкілі болғанымен, қазақша анық сөйлейді. Талабы таудай мұндай балаларды үнемі алға тартып, білімдерін шыңдап отыру қажет, – деген жас мұғалім Алинаның бойындағы жауапкершілік, тиянақтылық секілді жақсы қасиеттерді де ерекше атап өтті.    
Оқу жылы басталмай жатып ұстаздарын жүлдесімен бір қуантып тастаған шәкірт өткен жылы Махамбет оқуларынан да олжалы оралған екен. Түрлі байқауларға белсене қатысу Алинаның күнделікті сабағына кедергі келтірмейді, керісінше өрісін кеңейтіп, жаңа бастамаларға жетелей түседі. Сол себепті, ол өз сыныбындағы озат оқушылардың бірі. Айта кетейік, таза қазақ тілінде білім беретін аталмыш мектепте Алинадан басқа, өзге ұлттың балалары көптеп білім алатын көрінеді. Демек, мемлекеттік тілді үйретуде асығымыздың алшысынан түсіп, ісіміздің өрге домалап келе жатқаны ғой.  
Біздің келесі кейіпкеріміз Валентина Кательникова да мемлекеттік тілді жетік біледі. Сандықтау ауданына қарасты Балкашин селосындағы №1 орта мектепте тәлім алып жүрген ол Абай Құнанбаев, Махамбет Өтемісұлы секілді ақындарымыздың өлеңдерін оқығанды ұнатады. Оның алғаш рет мектеп табалдырығын аттарда қазақ сыныбына баруына да радиодан тыңдаған Абайдың әні әсер еткен екен. Сөйтіп, қазақ тілінде білім алғысы келетін Валентинаның қалауын ата-анасы да құп алыпты.
–Әке-шешем, бауырларым қазақша білмейді. Бірақ, болашақта  үйренгілері келеді. Үйде туыстарыммен орысша, ал, мектепте жүргенімде қазақша сөйлеймін, – деген бойжеткен 11 сыныпты бітіргеннен кейін жоғары оқу орнының журналистика факультетіне түсіп, қазақ баспасөз саласында еңбек еткісі келетінін айтты. Иә, жастардың осылай талаптанып, мемлекеттік тілді үйренуге зор құлшыныс танытып жатқанына қуанғаннан басқа айтарымыз жоқ.        

Венера ЕСҚАҚОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар