Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Нұр Отан» партиясы Үкіметпен бірге - АРҚА АЖАРЫ

«Нұр Отан» партиясы Үкіметпен бірге

ауыл еңсесін тіктейтін жобаны бастамақшы

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен ауыл тұрғындары үшін айрықша жоба жүзеге асқалы жатыр. Екі жыл бойына Оңтүстік Қазақста облысында пилоттық жоба ретінде жүргізілген ауыл тұрғындарына төмен пайызбен несие беру ісі Елбасының «100 нақты қадам» жоспарымен тікелей үндесіп отыр.

Енді жоғары нәтиже көрсеткен ерекше бастама партияның қолдауымен 2016 жылы 5 облыста іске асырылмақшы. Астанада «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов пен  ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова бірлескен түрде «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» деп аталатын жобаны іске асыру жөнінде Меморандумға қол қойды.
Аталған Меморандумды жүзеге асыру аясындағы ынтымақтастықтың басты мақсаты – тұрақты жұмыс орындарын ашу, шағын кәсіпкерлікті дамыту. Сондай-ақ, жеке қосалқы шаруашылық негізінде ұсақ тауарлық өндіріске «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының шеңберінде жеңілдікпен шағын несие беру болып табылады. Жоба аясында ауыл тұрғындарына 6 миллион теңгеге дейін 5 жыл мерзімге төмендетілген мөлшерлемемен шағын несие беру мүмкіндігі қарастырылған. Келесі жылы пилоттық жоба ретінде  5 аймақ – Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары еніп отыр.
Партия төрағасының бірінші орынбасары жаңа бастаманың сәтті түрде жүзеге асып, ауыл тұрғындарын қуантатындығына сенімді. Өйткені, 2014 жылы оны Оңтүстік Қазақстан аймағына енгізгенде қысқа мерзім аралығында өте тиімді түрде орындалғанын өз тәжірибесінде көріпті. Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері облыста 26,4 мың тонна ет, 13,2 мың тонна сүт өндіріліп,
11 мыңға жуық жұмыс орны ашылған.
– Біріншіден, қазақстандықтардың 43 пайызы ауылда қоныстанғандықтан оларды жұмыспен қамту қиындық тудырып тұрғаны рас. Ал, Президент Нұрсұлтан
Назарбаев ұзаққа созылатын дағдарыс тұсында халықты жұмыссыз және табыссыз қалдырмауды қадап тапсырып отыр. Демек, 6 миллиондық шағын несие елді мекендерде кез-келген жанға отбасылық кәсіп қалыптастыруға молынан жетеді.
Екіншіден, қазіргі қаржы ұйымдары шаруашылық ашып, ет, сүт өнімдерін өндірумен айналысатындардан сойысхана, сапасын анықтайтын зертхана, тоңазытқыш, өнімдерін тасымалдайтын жабдықталған көлік, жем-шөп дайындайтын цех және өзге де керекті техниканың болуын талап етеді. Ал, «нұротандықтар» идеясына сәйкес шағын несиенің аясында ауылдық тұтыну кооперативін ашып, аталған қажетті техниканың барлығын бір жерге рәсімдеуге болады.
Үшіншіден, түсінген жанға бұл дағдарыстың жанбағысы ғана емес, талай жылдан бері түйткілді түйіндері шешілмей келе жатқан ауылды аяқтан тұрғызудың тәсілі. Күні бүгінге дейін бұл мәселе қаншама рет талқыға түссе де түпкілікті шешімін тапқан емес.
Төртіншіден, бұл жобаға әзірге 11 миллиард теңгеге дейін бөлініп отыр, – дейді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов. – Бұл аз қаржы емес. Сонымен бірге қаңтар айының басында оған қатысатын облыстың өкілдерін Оңтүстік Қазақстанда жинап, семинар өткіземіз. «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы 2014-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстанда іске асырылған мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының оңды тәжірибесі негізінде жүзеге асырылады. Бастамаға Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова да жоғары баға берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Астана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар