Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді шын жүректен жаңа 2016 жылмен құттықтаймын! Әр жылдың өзіндік ерекшелігі болатындығы белгілі. 2015 жыл да облыс тарихында өзіндік өрнегімен, айрықша мәнді салмағымен қалатындығы даусыз.
Бұл жылы біз ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан Республикасының Ата Заңына және Қазақстан халықтары Ассамблеясына 20 жыл, Кеңес Одағының Батыры, көрнекті ғалым, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин мен жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл толуына орай мазмұнды шаралар өткізіп, кеңінен атап өттік.
Өткен жылды біз терең алғыс сезімімен, шынайы ризашылықпен шығарып салып отырмыз. Өйткені, осы жыл ішінде күні бұрын межелеген жос-
парды тыңғылықты орындап, тиянақты дәйектеп, көкейдегі көп ойымызды жүзеге асыра алдық. Осындай жыл ішінде атқарылған толымды жаңа жылда межеленген шаруаны атқаруға серпін береді.
Біз алдағы жылға үлкен үмітпен қараймыз. Ұлы тарихи сабақтастық, халықтың бірлігі мен ынтымағы – еліміздің жаңа сапалы биікке шығуының кепілі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында әлемдік дағдарыстан шығу жолдарын және еліміздің даму бағытындағы жаңа мүмкіндіктерді айқын көрсетіп берді.
Өтіп бара жатқан жылдың қорытындысын шығарған сәтте Ақмола облысының жақсы нәтижелерге қол жеткізгендігін айқын аңғаруға болады. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 281,9 миллиард теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2014 жылмен салыстырғанда 106,8 пайыз болды. Өңдеу өнеркәсібіндегі көлем деңгейі 9,2 пайызды құрап отыр. Ет және жартылай дайындалған фабрикаттар – 144,6, сары май – 140,1, жартылай өңделген алтын – 183,4 пайызға өсті. Индустрияландыру картасы бойынша 166 миллиард теңгені құрайтын 60 жоба жүзеге асырылып, алты мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды.
Тұрғын үй құрылысы саласы мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектің арқасында соны серпін алып, қарқынды дамуда. 2015 жылы 2020 жылға дейін аймақтарды дамыту бағдарламасына орай 255,5 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланса, меже артығымен орындалып, 282 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
«Еңбекпен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша облысымызда көптеген игі шаралар атқарылды. Қалалар мен ауыл-селолардың сәулеті ажарланып, көркейе түсті. Бағдарлама бо-йынша бес мыңнан астам адам еңбекке тартылды. Білім, денсаулық саласының көптеген нысандары пайдалануға беріліп, жаңа тұрғын үйлер салынды. Әлеуметтік-мәдени нысандардың материалдық-техникалық базасы нығайды.  
Туған өлкені шексіз сүю сол жерді көркейтуге қисапсыз күш береді. Өткен жылда қол жеткізген табыстарымыз жаңа биікке өрлеу жолындағы серпінді баспалдақ. Жаңа жыл ел байлығын еселей арттырып, әр отбасының берекесін молайтсын.
Жаңа 2016 жылы біздің әрбір бастамамыз, арманымыз бен мақсат-мұратымыз орындалатын болсын. Әрбір отбасында тоқшылық, бейбітшілік пен береке нығая түсіп, туған-туысқандарыңыз аман-сау болып, ұрпағыңыз өсіп, жетілсін. Жаңа жылдарыңызбен!
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.

 

 

 

 

Қадірлі ақмолалықтар!

 

Сіздерді Жаңа жыл мере-кесімен шын жүректен құттықтаймын!
«Өткен жыл есірке, жаңа жыл жарылқа» деп қарайтын халқымыз үшін табалдырығымыздан аттағалы тұрған Мешін жылы өзінің толағай табыс-тарымен, береке-ырысымен келсін деген тілегіміз бар. Қой жылында да қаншама айтулы оқиғаларды атап өттік. Қазақ хандығының 550 жылдығы  және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы мерекелері өзінің тағылымымен есте қалды. Ата Заңымыздың 20 жылдығы да елдіктің бір белесін көрсеткен мереке болды.
Жыл соңында Елбасымыз – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің халыққа арнаған Жолдауын жариялап, алдағы жылдарда дамуымыздың бағыт-бағдарын анықтап берді. Енді біз осынау келелі міндеттерді орындау үшін барлығымыз бір кісідей атсалысамыз деп ойлаймыз. Жаңа жыл  үкілеген үміттерімізді ақтап, жаңа бастамалар мен жетістіктердің жылы болғай. Баршаңызға және туған-туысқандарыңыз бен отбастарыңызға өмірдегі ең ізгі тілектерді тілеп, тыныштығымыз бекем, ынтымағымыз жарасым тапсын дегіміз келеді.  
Дулат НҰРМОЛДИН,
 Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы.

 

 

 

 

Ардақты ағайын!

 

Сіздерді шын жүректен келе жатқан Жаңа жыл мейрамымен құттықтаймыз!
Жаңа жыл – әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создырып, жемісті бастамаларға жарқын келешек сыйлайтын мереке.
Өтіп бара жатқан жыл ішінде еңбек, ынтымақ, өзімізге деген және келешекке деген сенім жас әрі жасампаз мемлекетіміздің дамуы мен табысының негізгі жолы екендігіне көз жеткіздік. Ағымдағы жыл – Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы сияқты есте қаларлық оқиғаларға, игі істерге толы болды. Құрметті ақмолалықтар! Сіздерге амандық, баянды бақыт, толағай табыстар тілейміз. Жаңа жылға болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттанайық!
«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық
филиалының Саяси Кеңесі.                           

 

 

 

Құрметті ақмолалықтар!

 

Баршаңызды 2016-шы Жаңа жылмен құттықтаймыз. Әр жылдың өз ерекшелігі бар десек, біздің баршамыз өткен жылға салауат айтамыз да,  Жаңа жылды зор үмітпен қарсы алып отырмыз.  Былтырғы жылы да өстік, өркендедік, жаңа табыстарға ие болдық. Елбасының басшылығымен ең бастысы ел тыныш, береке ынтымақта өмір сүріп, еңбек еттік. Қазіргідей алмағайып заманда бұл ең басты жетістік болса керек.  
Тәуелсіз Қазақстан өз тәуелсіздігінің  25 жыл-дығына қадам басқан жылы Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев қазіргідей жаһандық дағдарыс жағдайында еліміздің алдына  өсу, реформалар және табысқа жету міндетін қойып отыр. Бұл міндеттер Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында нақтылы белгіленді. Жаңа жылдың  да ақмолалықтар мен барша қазақстандықтар үшін табысты жақсы жыл боларына сенімдіміз. Біз өзіміздің бар күш-жігерімізді еліміздің алдында тұрған міндеттерді орындап шығуға және елдегі берекелі бірлік пен ынтымақты сақтауды  басты міндетіміз деп санаймыз.
Еліміздің босағасын аттап кірген Жаңа жыл әр шаңыраққа бақыт пен қызық-қуаныш, табыстар мен жақсылықтар ала келсін.
Рашит Әкімов,
Жабал Ерғалиев,
Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының депутаттары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар