Ақмол ауылында «АРЭК-Энергосбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сервистік орталығы ашылды.
Аудан орталығының бас көшелерінің бірінде ашылған екі қабатты сервис орталығы барлық талаптарға сай. Мұнда жеке және заңды тұлғаларға пайдаланылған электр қуаты үшін төлемақы қабылдау, электр қуатын жеткізіп беру үшін келісімшарт жасау бойынша қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар электр қуатының құны мен қарыздары тәрізді қажетті ақпарат ала алады. Ал, екінші қабаты қызметтік бөлмелерге арналған.
Серіктестік директоры Елена Смыктың айтуына қарағанда, Астананың іргесінде орналасқан елдімекен үшін осындай орталықтың ашылуының маңызы зор.
– Тұрғын үйлер салынып, өндіріс орындары ашылып, қарқынды дамып келе жатқан Ақмол ауылында соңғы уақытта электр қуатына сұраныс арта түсуде, – дейді серіктестік директоры.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Целиноград ауданы.