Мейірім шуағы

 Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының ұйытқы болуымен Сандықтау балалар үйінде  ертеңгілік болып өтті.

  Тамаша жиынды облыстық филармонияның әртісі, қауымдастықтың мүшесі Светлана Волос жүргізді. Ал, шара соңында ұйымдастырушылар жетім балалар тұратын шағын отбасыларды аралап, жеткіншектермен емен-жарқын әңгімелесті. Мәселен, «Арман» отбасында болғанда тәрбиеленушілер болашақ мамандықтары туралы сөз қозғады. Осы орайда, қауымдастықтың төрайымы Дәмелі Қойшина  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауындағы  тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасы жөнінде айтып беріп, әр балаға жаңа жылдық сыйлық тарту етті.
Бұдан басқа қауымдастық жалғызбасты аналарға да әлеуметтік көмек көрсетуде. Алдағы уақытта «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында көптеген игі шараларды қолға алу жоспарланып отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар