Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жалған ақпарат жарға жығады - АРҚА АЖАРЫ

Жалған ақпарат жарға жығады

 Соңғы жылдары халық көп жиналатын орындарда жарылғыш заттың бары жайлы жалған хабар тарату фактілері жиі тіркелуде.

  Әлбетте, мұндайда құқық қорғау органдары ақпараттың растығын тексеріп, жедел іздестіру шараларына кіріседі. Әуежайдағы немесе вокзалдағы адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп, тәртіп сақшылары адам шығынын болдырмауға тырысады. Айтуға оңай болғанымен, таразы басында адам өмірі тұрғанда жедел іс-қимыл қыруар жұмысты талап етеді.
Қазіргі таңда бәз-біреулердің алды-артын ойламай, құқық қорғау қызметкерлерін де, қарапайым халықты да әуре-сарсаңға салып, жарылғыш заттардың бары туралы жалған ақпарат тарататыны өкінішті-ақ. Олар бұл әрекеттерімен құтылып кете алмайды. Өйткені, қазіргі техниканың дамыған заманында кез-келген қылмысты ізін суытпай анықтауға мүмкіндік бар.
Мәселен, 2015 жылы осындай 8 қылмыстық факті орын  алып, оны ұйымдастырғандардың барлығы тиісті жазаларын алды. Біреулері қылмыстық әрекетке әдейі барса, енді бірі мектептерде сабақ тоқтатылғанын қалап, жалған қоңырау соққан. Заң бұзғандардың арасында психикасы тұрақсыз немесе ішімдікке салынғандар да бар. Психологтардың айтуынша, телефон террористері бұл әрекеттерімен
қоғамда өздерін көрсеткілері келеді.
Кім біледі, ертеңгі күні мұндай жалған ақпараттың соңы шындыққа айналып, бұзақылардың қоғамдық орындарда расымен де жарылғыш затты қалдырып кетпесіне кім кепіл? Сондықтан, құқық қорғау саласында жүрген азаматтарға ғана емес, мұғалімдер мен ата-аналарға да осы бағытта балалармен кең көлемді түсіндіру шараларын, тәрбие жұмыстарын көптеп жүргізу қажет.
2015 жылдың 1 қаңтарында қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексіне сәйкес, террористік акті жайлы жалған хабар таратқан адамға алты жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы қылмыстық жаза тағайындалады. Кінәлі заңсыз әрекетті білместіктен жасағанын айтып, қанша ақталса да, заң мұндайды кешірмейді.  
 Анарбек КҮЗБАҚОВ,
Көкшетау көлік прокуратурасының
аға прокуроры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар