Өз істерін дамытуға грант алды

«Даму» қоры өңірлік филиалының директоры Еркебұлан Баяхметов баспасөз мәслихатын өткізіп, өткен жылдың қорытындысы жөнінде баяндады және бизнес марафоны  конкурсының  жеңімпаздарына сертификаттар табыс етті.

Өткен жылы «Даму» қоры филиалының жұмысы алға басты деп ауыз толтырып айтуға болады. Мекеме кепілдендіру және субсидиялау бойынша республикада жақсы нәтиже көрсетіп, жоспардың орындалуы бойынша көшбасшылар үштігіне кірді. Барлық облыстардың арасында Ақмола облысы «Даму» қоры міндеттеген жылдық жоспарды бірінші болып орындады. Ұжымның берілген тапсырмаларды қарқынды атқарып шығуына кәсіби шеберлігі, өз істеріне берілгендігі, ауызбірлігі және субсидиялау және кепілдендіру жөніндегі менеджерлердің еңбекқорлығы мүмкіндік берді. 2015 жылы облыс бойынша «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында босатылған субсидия көлемі 573,13 миллион теңгені құрады. 3 605,8 миллион теңгенің 91 жобасы және 2012-2020 жылдары шағын қалаларды дамыту бағдарламасы аясында 29 жоба мақұлданды.
Аталмыш бағдарлама жүзеге аса бастағаннан бері 2 мыңнан артық жұмыс орыны ашылды. Кәсіпорындар бюджетке 26,9 миллион теңге қаржы құйды. Өткен жылдың он айында облыстағы «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасының қатысушылары 5 936 миллион теңге салық төледі. Сондай-ақ, қаржысыз қолдау бағытында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы үлкен жұмыстар атқаруда. Орталықтың кеңесшілері жыл басынан бері заң, маркетинг, бухгалтерлік есеп тәрізді әртүрлі бағыт бойынша 6 мыңнан артық адамдарға жол көрсеткен. 85 бизнестің жоспары жасалып, 20-сы мақұлданған, 10-ы қаралуда. Көптеген клиенттер салық есебін, келісім-шарт пен жарғы құру тәрізді орталықтың қызметін тұрақты пайдалануда. 2015 жылы «Жастардың бастапқы жобаларын қолдау бағдарламасының» пилоттық жобасы іске қосылды. Оған Ақмола облысының 30-дан астам жасы қатысты. Іріктеп алынған 20 конкурсқа қатысушы төрт күн тегін оқыды. Оқудан кейін 10 жоба жарыс мәресіне шығып, грантқа ие болды. Қатысушылардың бизнес-жоспарларын жасауына кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшілері көмек көрсетті.
Бизнес марафоны конкурсының соңғы кезеңінде 7 қатысушы өз жобаларын ұсынды. Жастар жобаларын құрамына банктер, кәсіпкерлер мен «Даму» қорының менеджерлері енген конкурстық комиссия бағалады. Қазылар алқасы бизнес-жоспарлардың жасалу деңгейіне жақсы баға берді. Конкурс қорытындысы бойынша екі жеңімпаз жарияланып, бизнестерін дамытуға грант берілді. Сандықтау ауданындағы Каменка селосынан келген Любовь Лощининаның идеясы үздік деп танылды. Ол киім тігумен айналысады. Сондықтан, грант қаржысына тігін машинкасын сатып алуды жоспарлап отыр. 300 мың теңге грант қаржысы жеке кәсіпкер А.Лекеровке де бұйырды. Көкшетау қаласының тұрғыны Әлия Досбаева ерлер киімін тігудегі балл саны бойынша екінші орыннан көрінді. Оған «Новопэк» серіктестігінің басшылығы 200 мың теңге бөлді. Бұл қаржыға жас тігінші тері тігетін тігін машинкасын сатып алмақшы. Бүгінгі таңда өңірлік филиал кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

 

Рамазан ТІЛЕУОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар