Жастар кеші

 Жаңа жыл қарсаңында Макинск қаласындағы жаңа мектепте жас-тар балы болып өтті. Бұл шараға аудан әкімі Қ.Еспергенов және аудандық мәслихаттың хатшысы Ш.Құсайынов қатысып, жиналғандарды Жаңа жылмен құттықтады.

  Полонез әуенінің салтанатты сазымен мың бұралған би жұптарының асқақ әннің әсем ырғақтары мен нақыштары балға әдемі шырай берді. Ауданның экономикасына, әлеуметтік саласына, спорт пен мәдениетке лайықты үлестерін қосқан жастар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, ауданның «Алтын адам» құрмет кітабына есімдері енгізілді.
Хореографиялық конкурста қазылар алқасы бірауыздан Әнуар Теміров пен Зухра Ғибадулинаны жеңімпаз деп таныды. Мұндай  әсерлі кеш   оған қатысушылардың есінде ұзақ уақыт сақталары анық.  

«Арқа ажарының»
өз ақпараты.
Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар