«Достар» мәдениет сарайында «Көкше ханшайымы» атты қыздар арасында шығармашылық байқау болып өтті.
Өнерлі жастарды қолдауға бағытталған шараға жиырма бір бүлдіршін қатысты. Байқау бірнеше бөлімнен тұрды. Сайыс барысында қатысушылар өздерін таныстырып, сахна төрінде өнерлерін ортаға салды. Қорытындысында барлық сыннан сүрінбей өткен №2 мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Аяжан Кеңес бас жүлдеге ие болды.
Нәзипа БЕКМАҒАНБЕТОВА,
№14 «Чайка» балабақшасының тәрбиешісі.