Жастар назары – Жолдауда

Аудан орталығында белсенді жастардан құрылған ақпараттық-насихат тобы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арналған Жолдауын тұрғындарға кеңінен түсіндіруде.

Насихат тобы алдымен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында қала жастарымен кездесу өткізді. Бұл жиынды топ жетекшісі, жастар ресурстық орталығының директоры Фархат Байқасов ашып, жүргізіп отырды. Баяндамашы өз сөзінде Елбасы Жолдауындағы негізгі мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар, кездесуде ауданның белсенді жастары Бақытгүл Дарынова, Мәдина Қаратаева, Тоқтар Шпанов, Әділ Нұрбеков сөз алып, маңызды құжатта айтылған міндеттерді жүзеге асыруға белсене араласатындықтарын жеткізді.
Сондай-ақ, ақпараттық-насихат тобы Ақпан Үкібаев атындағы  орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен де кездесіп, келелі әңгіме өрбітті. Өз кезегінде шәкірттер ұйымдастырушыларға білім беру саласына байланысты сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Алдағы уақытта аталмыш топ ауыл жастарымен кездесуді жоспарлап отыр.   
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар