Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәжіліс Елбасына өзін-өзі тарату туралы үндеу жолдады - АРҚА АЖАРЫ

Мәжіліс Елбасына өзін-өзі тарату туралы үндеу жолдады

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Қазақстан халқына, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа өзін-өзі тарату туралы үндеу жолдады. Мәжіліс депутаттарының Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы үндеу мәтінін төменгі палата депутаты Нұрлан Әбдіров жария етті.
Үндеуді оқыған Нұрлан Әбдіров: «Біз – Мәжілістегі «Нұр Отан», «Ақ жол», Қазақстанның халықтық коммунистік партиясының парламенттік фракцияларының өкілдері, еліміз үшін ең тағдырлы кезеңде тарихи мәні бар үндеу жариялау үшін жиналып отырмыз. Қазақстан халқына және Елбасына жолдайтын үндеуіміз Ұлт жоспары мен дағдарысқа қарсы шараларды қай партияның жүзеге асыруын айқындайтын халықтың сенім мандатын анықтап алуды көздейді», – деді.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастама көтерген
ҮНДЕУІ

 

 

Бүгінде жаһандық жүйелі дағдарыс әлемнің барлық елдерін, тіпті дамыған жетекші мемлекеттерді де қамтуда.
Әлемдегі күрделі геоэкономикалық және геосая¬си ахуал халықаралық шиеленістің артуымен, жаңа қақтығыс ошақтарының пайда болуымен, лаңкестік қауіп-қатердің күшеюімен қатар өрбуде.
Қазақстан егемен ел ретінде дамып келе жатқан 25 жылдың ішінде әлемдік дағдарыстардың сын-қатерлерімен сан мәрте бетпе-бет келді және біз олардың барлығына лайықты тойтарыс бере білдік. Тіпті, біз ондай кезеңдерді әрдайым дамудың жаңа сапалық деңгейіне шығудың мүмкіндігі ретінде пайдалана алдық.
Сол себепті, біздің еліміз әрқашан, әрбір дағдарыстан жаңғырған, қуатты ел болып шығып келеді.
Қазір де Қазақстанның жаңа жаһандық сын-қатерлерді еңсеретін нақты жоспары бар. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың саясатының арқасында еліміздің тек әлемдік дағдарысқа қарсы тұру жөнінде ғана емес, жаңа жаһандық нақты ахуал жағдайында дамуы туралы стратегиясы мен нақты «Ұлт Жоспары» бар.
Бүгінгі уақыт – кейінге қалдырмайтын жедел шаралар уақыты.
Осыған байланысты, қазірден бастап жаңа реформаларды жүзеге асыруға жедел кірісу үшін, сонымен бірге, дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру үшін біз бесінші шақырылымдағы Мәжілістің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және Парламентке жаңа сайлау тағайындау туралы бастама көтереміз.
Біріншіден, қазіргі Мәжіліс «Ұлт Жоспарын» жүзеге асырудың заңнамалық негізін қалап, өзінің тарихи миссиясын орындады.
Парламент 80-ге жуық заң қабылдады. Президенттің 5 институттық реформасының әрқайсысын жүзеге асырудың «жол картасы» жасалды.
Ал қазір, жаңа тарихи кезеңге аяқ басып, елімізді ауқымды жаңғыртуға және Президент реформаларын барлық бағыттар бойынша нақты жүзеге асыруға кіріскен сәтте партиялар сайлаушылардың жаңа сенім мандатын алуы айрықша маңызды.
Екіншіден, осынау жауапты сәтте дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру үшін кең ауқымды қоғамдық бірігу қажет. Тек бірлік пен үйлесімді іс-әрекеттер ғана бізге жаңа экономикалық соққыларға қарсы тұруға мүмкіндік береді.
Үшіншіден, біздің реформаларды жүзеге асыру жөніндегі іс-әрекеттерімізді барлық деңгейде үйлестіру үшін парламенттік сайлауды жергілікті мәслихаттар сайлауымен қоса өткізу қажет.
Бұл дағдарыс жағдайында сайлау науқанын ұзақ мерзімге созбауға және сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге жұмсалатын бюджет шығыстарын біршама қысқартуға мүмкіндік береді.
Осы айтылған ұстанымдарды негізге ала отырып, біз Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Президентінің бесінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісін мерзімінен бұрын тарату және Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлығын қабылдау туралы бастамамен жүгінеміз.
Қазіргі тарихи сәттің барша жауапкершілігін, мақсаттар мен міндеттердің ортақтығын сезіне отырып, бұл үндеуді үш парламенттік фракцияның барлығының депутаттары қабылдайды.
Біз парламенттік аламанға қатысуға және мемлекеттік стратегия мен саясатты жүзеге асыру жауапкершілігінің бір бөлігін өзіне алуға дайын екендіктерін сан рет мәлім еткен барлық саяси партияларды адал және ашық күреске – жаңа сайлауға қатысуға үндейміз.
Сонымен қатар, біз еліміздің барлық қоғамдық бірлестіктері мен үкіметтік емес ұйымдарын, барша азаматтарды біздің бастамамызды қолдауға шақырамыз.
Біз ел дамуының жаңа және жауапты кезеңіне аяқ бастық және онда бірлігіміз бен тұтастығымызды нығайта түсу арқылы ғана өз жетістіктерімізді қорғап, Отанымызды дамудың жаңа белестеріне шығара аламыз.
Біздің Қазақстанымыз – біздің ортақ үйіміз!
Біздің Отанымыз бір, тағдырымыз бір!

 

 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының МӘЛІМДЕМЕСІ

 

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының елде мерзімінен бұрын парламенттік және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын өткізу туралы үндеуін толығымен қолдайды.
Біз жаһандық экономикалық қатерлердің алдын алуға жауап ретінде Мемлекет басшысы ұсынған дағдарысқа қарсы шараларды шұғыл іс жүзіне асыруды барынша қолдаймыз. Өткізілетін сайлаудың маңыздылығы алда тұрған реформалардың ауқымын айқындайды. «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары кәсіпкерлікті дамытуға ерекше басымдық береді, инвестиция тартудың белсенділігін арттырып, қолайлы бизнес-ахуал қалыптастыруға жағдай жасайды.
Мемлекет және кәсіпкерлердің әріптестігі мен ынтымақтастығының жаңа қағидалары сенімді экономикалық өсім үшін тың мүмкіндіктер ашып, берік әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етеді. Біз тек біріккен күш-жігеріміздің арқасында ғана заң шығарушы биліктің жаңа сенім мандатына ие мықты және ұйымдасқан азаматтық тұғырнама қалыптастыратындығымызға сенімдіміз.
Осыған байланысты еліміздің барлық азаматтарын бизнес және саяси партия өкілдерін алдағы сайлауды қолдауға және біздің мемлекетіміздің тұрақты түрде дамуына және тұрақтылығының нығаюына өз үлестерін қосуға шақырамыз.

 

 

«Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінің МӘЛІМДЕМЕСІ

 

«Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының мерзімімен бұрын сайлауын өткізу бастамасын қолдайды.
Біз Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясының мүшелері бұл шешімді өте дұрыс деп санаймыз. Өйткені, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасында айтылған дағдарысқа қарсы жоспар мен кең көлемді институционалдық реформаны жүзеге асыру үшін барлық қоғамдық күштердің нығайтылуы маңызды.
Әлемдік дағдарыс қарсаңында сайлауды уақытынан бұрын өткізсек, бұл қоғамдағы келісімді нығайта түсіп, барлық қиындықтарға, сырттан келетін теріс факторларға бірге төтеп бере алатынымызға сенімдіміз.  
Мемлекеттік құрылымның жаңа кезеңінде еліміздегі саяси партиялар белсенділік танытатынына еш күмәніміз жоқ.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар