Жаңашылдар фестивалі

 Щучинск  қаласындағы №1 мектеп-гимназиясының  базасында  педагогикалық  идеялар  фестивалі болып,  оған  Бурабай  ауданы  білім  беру  жүйесінің  89  маманы  қатысты.

  Фестивальдің  негізгі  мақсаты  қатысушылардың  іс-тәжірибесін  тарату,  педагогтардың  шығармашылық  қызметін  дамыту,  олардың  кәсіптік  шеберліктерін  арттырып,  педагогикалық  қызметте  жоғары  нәтижелерге  жетуге  ынталандыру  болып  табылады.  Педагогтар  фестиваль  барысында  бүгінгі  білім  беру жүйесіндегі көкейкесті  идеяларды  басшылыққа  алатындықтарын  көрсетіп,  авторлық  бағдарламаларымен, үздік педагогикалық ізденістерімен, қызықты іс- тәжірибелерімен  бөлісті. Олардың  жұмыстарын  әдіскерлер  мен  шығармашыл  педагогтардан  тұратын  әділқазылар  алқасы  бағалады.
Фестивальда үздік шығармашылық жұмыстарымен көзге түскен Л.Седельникова, В.Тимко, А.Рамазанова, Е.Савинова,  А.Ербатыров, З.Шәймерденова,  К.Махметова,  Г.Тілеубаева, А.Әйтімовалар әділқазылар алқасынан лайықты бағаларын алды.

Ақынбай Сәрсенби.

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар