ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты «Үлкен жиырмалық» саммитіне қатысу үшін Қытайға шақырды. Бұл туралы кеше «Бір белдеу – бір жол» атты халықаралық конференция барысында ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше жəне Өкілетті Елшісі Чжан Ханьхуэй мəлім етті.
«2015 жылы екі ел арасындағы ынтымақтастық жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін білеміз. Екі ел басшылары бір-біріне сапармен келіп, Қазақстанның Премьер-Министрі Қытайға екі рет ресми сапармен барды. Сондықтан, осы жылы да ынтымақтастықтың осындай үрдісін жалғастырамыз деп ойлаймын. Осы ретте, айта кетейін дегенім, Қазақстан Президенті биыл да біздің Төрағаның шақыртуымен Қытайға келеді. Нақтырақ айтсам, Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйек айында өтетін «Үлкен жиырмалықтың» саммитіне қатысады», – деп мəлім етті елші.
Айта кетейік, 2016 жылдың 4-5 қыркүйегінде Қытайдың Ханчжоу қаласында «G-20», яғни, «Үлкен жиырмалық» елдерінің саммиті өтеді.