Балалар қылмысқа бейім

 бұл қоғамымызды алаңдатуы тиіс

  Ауданда кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті.
Комиссия отырысына селолық округ әкімдері, мектеп директорлары мен басқа да сала қызметкерлері қатысып, өткен жылы ауданда кәмелетке толмағандардың заңды мүдделерін және құқықтарын қорғауға қатысты қандай шаралар атқарылғаны жөнінде баяндалды. Бұл туралы аудандық  ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары  Нұрлан Бостыбаевтың есебі көңіл көншіте қойған жоқ.
Мәліметтерге сүйенсек, былтырғы жылы балалар қолымен жасалған қылмыстар саны 80 пайызға өскен. 2015-2016 оқу жылы басталысымен-ақ білім ошақтарында біреудің затын ұрлауға байланысты төрт  заң бұзушылық тіркелген екен. 19 адам ата-ана құқығынан айырылса, 15 ата-ана бала алдындағы өз міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін жауапкершілікке тартылған. Балалар арасында өз-өзіне қол жұмсау орын алып, өткен жылы екі бала суицид әрекетіне барса, оның біреуі өмірімен қош айтысқан.
Келешекте аталған заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мектеп инспекторлары оқушылармен түсіндіру шараларын жүргізуді жалғастыруда. Жиын соңында балалардың құқығын қорғауға және олқылықтардан қорытынды шығаруға байланысты шешімдер қабылданып, тиісті мекемелерге жөнелтілді.
 
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар