Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ықпалды күш - АРҚА АЖАРЫ

Ықпалды күш

 «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтың қатысуымен өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында өткен жылы атқарылған жұмыстар сараланды.

  Мәжіліске  денсаулық сақтау мен білім саласының басшылары, құқық қорғау және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Онда баяндама жасаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Серік Аяғанов «Нұр Отан» партиясының облыстық және аймақтық филиалдарымен 2015 жылы атқарылған істерге жан-жақты тоқталып өтті.
Өткен жылы қоғамдық кеңестің 101 отырысы өткізіліп, соған сәйкес тиісті қаулылар қабылданған. 226 қаулы бойынша 210 ұсыныс енгізілсе, соның ішінде жұмыс сапасын жақсарту үшін мемлекеттік органдарға – 81, әкімдерге – 40, басқа да тиісті орындарға заңдардың өзгеруі жөнінде – 5, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттің партиялық бағдарламасының Жол картасын жүзеге асыру бойынша – 24 ұсыныс бағытталыпты. Қоғамдық кеңестердің барлық шешімдері нақтыланып, орындалу мерзімдері көрсетіліпті.
«Жас Отан» жастар қанаты Ақмола облыстық филиалының төрайымы Жанаргүл Жүнісова өткен жылы жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, білім және тәрбие қасиеттерін қалыптастыру жөніндегі атқарылған істер жайлы айтса, облысымыздың денсаулық сақтау мен білім саласының басшылары бюджеттік қаражаттарды мақсатты пайдалану туралы ақпараттың тұрғындарға қолжетімділігін, ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Жол картасына сәйкес пилоттық жобалардың жүзеге асырылуы жайында баяндап берді.
Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов жиынды қорытындылай келе, жыл бойына қоғамдық кеңеспен атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, жұмыс жоспары партияның орталық аппараты мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі  республикалық қоғамдық кеңесінің ұсыныстарына сәйкес және өңіріміздің ерекшеліктері есепке алына отырып жүзеге асырылғандығын атап өтті.

Жанат КӨШЕЙ.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар