Бастау алады

Кеше «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтың қатысуымен партияның кезектен тыс XVII съезінің қорытындылары бойынша брифинг болып өтті.

  Жүздесуде БАҚ өкілдеріне «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың съезде әлемде орын алып отырған қаржы дағдарысы, оны еңсеру жолдары туралы жасаған баяндамасы жайлы айтылып, партияның «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты 2016-2021 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы хақында сөз қозғалды.   
Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық сайлауалды штабы да жақын күндері өз жұмысын бастамақшы. Бұл туралы партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, осы штаб төрағасы Ғалым Бекмағамбетов брифинг  барысында хабарлады.
Қазіргі таңда облыс бойынша барлығы жиырма штаб сайлау-
шылармен жұмыс істеуге әзір. Тұрғындармен кездесулер барысында штаб мүшелері «Нұр Отанның» сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіретін болады. 1200-ге жуық партия белсендісі, партия тізімі бойынша үміткерлердің 2355 сенімді тұлғасы мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына үміткерлердің 4700-ден астам сенімді тұлғалары осы істің басы-қасында жүрмекші. Ал, облыстық сайлауалды штаб құрамына 37 адам енді. Олардың барлығы бұрын мұндай сайлау науқанына қатысқандықтан, тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын қалай жүргізу керектігін біледі.  
Штаб төрағасы партияластарына халыққа үгіт шараларын жүргізуде аса ұқыпты болуды ескертіп, бұл жауапты кезеңді ұйымшылдықпен өткеруге  шақырды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген
Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар