Жалақы қарызы жіті назарда

Әлемді шарпыған қаржы дағдарысы біздің елімізге де салқынын тигізуде. Осының салдарынан жұмысшыларын жартылай жұмыс күніне ауыстырып жатқан кәсіпорындар да жоқ емес. Кейбір өндіріс орындары еңбек адамдарына уақытында жалақыларын бере алмауда.

Дегенмен, құзырлы органдардың күш салуымен түйткілді мәселелер оң шешімін табуда. Степногорск қалалық әкімдігінде өткен әлеуметтік серіктестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның отырысында жалақының мерзімінде берілу жайы қаралды. «SARECO» ЖШС  жұмысшыларға бірнеше айдан бері еңбекақы төлемей келген.
Қала әкімі төрағалық еткен комиссия отырысында серіктестік директоры А.Маныч еңбекақы қарызының қордалану себептеріне түсінік беріп, қоймада жатқан өнімдер сатылысымен  төлейтіндіктерін мәлімдеді.  Комиссия серіктестік басшысына бұл мәселені жіті назарға алуды және оның орындалуы қатаң бақылауда ұсталатынын ескертті.

Полатбек ЖАНБАЕВ.
Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар