Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жетіспеушілік қол байлауда - АРҚА АЖАРЫ

Жетіспеушілік қол байлауда

Облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбековтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында  мемлекеттік және жеке әріптестік қарым-қатынас мәселелеріне арналған алқалы жиын болып өтті.

Өткен жылы елімізде қабылданған «Мемлекеттік – жекеменшік әріптестік туралы» Заң кәсіпкерлерге түрлі тапсырыстар алып, тендерлерге еркін қатысуға және әлеуметтік салаға қажетті нысандарды салуға мол мүмкіндік ашып берді. Жұмсаған қаржылары екі жақты шартқа сай міндетті түрде белгіленген уақыт ішінде қайтарылады. Бұл жауапкершілікті мемлекет заңды түрде өз мойнына алып отыр.
Жиында бүгінгі таңда ауданда тапшы болып тұрған әлеуметтік нысандар жайлы сөз қозғалды. Дәлірек айтсақ, өңірге 18 балабақша, 15 мектеп, 20 фельдшерлік-акушерлік пункт, 9 электр қуатымен және 25 сумен қамтамасыз ететін нысандар жетіспейді. Әсіресе, бұл жағынан халқының саны күрт көбейген Ақмол, Қосшы, Қараөткел, Қоянды, Талапкер ауылдарының тұрғындары қиындық көріп отыр.
Дәурен Зекенұлы бұл тендерлерге қатысатын кәсіпкерлердің қаржысы, күш-қуаты нақты дәлелденсе, олардың жұмыстарында кедергі болмайтынын ашық айтты. Әрбір құрылыс нысаны бойынша хаттама толтырылып, облыс әкіміне табыс етілмекші.
Кеңес барысында Ақмола облысы мен Астананың 20-дан астам орта және шағын бизнес өкілдері қойылған сұрақтарына толық жауап алды. Аудан әкімі Мәлғаждар Тәткеев облыс әкімінің орынбасарына аудан орталығындағы құрылысы бітпей тұрған нысандарды аралатып көрсетті. Оларды аяқтауға дағдарыс кедергі болып отыр. Құрылыс нысандары толық бітпейінше, жер жекеменшікке берілмейді. Әрбір кәсіпкердің қаржысы банк арқылы дәлелденуі тиіс. Сонда ғана оның ұсынысы мемлекеттік деңгейде толық қолдау
табатын болады.

Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар