Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сергектікті серік еткендер - АРҚА АЖАРЫ

Сергектікті серік еткендер

Облыста Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, спорт айлығы басталды. Ол «Саламатты ұлт, спорттық Қазақстан» девизімен өтпекші.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Бурабай» спорт сарайының алдына облыстық спорт ұйымдарының екі жүзден астам қызметкерлері мен спортшылары  «Таңғы жаттығу» флешмобына қатысу үшін жиналды. Қатысушылар алдында сөз сөйлеген басқарма басшысы Надежда Патюткина аталмыш акцияның маңыздылығын айта келе, облысымыздың спорт алаңдарында күн сайын өткізілетін шараларға тұрғындарды белсене қатысуға шақырды. Ол өз сөзінде спорт салауатты өмір салтының негізі екендігін атап өтті.
Гимнастшы қыздардың жетекшілік етуімен шараға қатысушылар таңғы жаттығулар кешенін орындады. Жаттығушылардың қасынан өтіп бара жатқан бейсауат қалалықтар да қызығушылық танытып, олармен бірге қатарға тұрды.
– Таңғы жаттығуға қатысқаныма өте қуаныштымын. Жастық шағым бірден есіме түсті. Студент кезімізде мұндай жаттығуларды жиі өткізуші едік. Ол біздің күні бойы сергек жүруімізге көп септігін тигізетін, – деді флешмобқа қатысушы Болат Есенбаев.
Тәуелсіздігіміздің жетістіктерін айшықтайтын осындай игі істер енді  ай сайын өткізіліп, ақмолалықтар жекелеген жоспар бойынша дайындалған «25 жұлдызды күн» атты  шаралардың куәсі болмақ.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар