Партиялар арасында жеребе тартылды

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы сайлау бюллетеніне саяси партиялардың атауларын енгізу бойынша жеребе тарту өткізді.

Оған партиялық тізімдерін ұсынған барлық саяси партиялардың өкілдері қатысты. Рәсім келесідей тәртіпте өткізілді. Мөлшері және түсі бойынша бірдей конверттерге ҚР ОСК хатшысы Б.С.Мелдешов партиялық тізімдерін Ортсайлауком тіркеген партиялардың санына тең, реттік нөмірлер салынған парақтарды салды. Бұл ретте бір конвертте нөмірмен тек бір парақ қана болды.
Конверттер желімделіп, араластырылды және барлық қатысушылар көре алатындай қашықтықта орналасқан столда жайылды.
Содан кейін әрбір саяси партияның өкілі олардың партиялық тізімдерінің тіркелу тәртібі бойынша кезекпен столдан кез-келген конвертті алып, оны ашып, нөмір жазылған парақты алып жария етті.
Конверттегі нөмір саяси партияның сайлау бюллетеніне енгізілетін нөмірі болып табылады.
Жеребе тартуды өткізу қорытындыларына сәйкес 2016 жылғы 20 наурызда дауыс беруді өткізу кезінде саяси партиялардың атаулары сайлау бюллетеніне мынадай тәртіпте енгізіледі:
1. «Нұр Отан» партиясы.
2. Қазақстан Коммунистік халық партиясы.
3. Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы.
4. «Бірлік» Саяси Партиясы.
5. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия.
6. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар