Облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Николай Политкиннің төрағалығымен сайлаушылардың тізімін нақтылау жөніндегі жұмыс комиссиясының кеңесі болып өтті.
Кеңеске аталмыш комиссия мүшелері, құқық қорғау органдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шараны жүргізіп отырған Николай Политкин өткен сайлауларда орын алған қателіктерге жол бермей,
наурыз айында өткізілетін сайлау науқанына қатысатын сайлаушылардың тізімін осы бастан нақтылап, бір жүйеге келтіру қажеттілігін баса айтты.
Сайлау процесінің маңызды сатыларының бірі сайлаушылар тізімін жасау және нақтылау болып табылады. Азамат дауыс беруге қатысуы үшін ол сайлаушылар тізіміне енгізілуі қажет. Сайлаушылардың нақты сайлау учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелуі азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу үшін негіздеме болып табылады.
Егер сіз қазіргі уақытта белгілі бір себептермен өзіңіздің тұрақты тіркелген жеріңізден тысқары жерде болсаңыз және 20 наурызда өзіңіздің сайлау учаскеңізде дауыс беруге мүмкіндігіңіз болмаса, не істеу қажет? Бұл мәселені шешу тек өзіңізге байланысты. Сіз уақытша болатын орныңыз бо-
йынша әкімдікке 18 ақпаннан кешіктірмей, сізді сайлау күні дауыс беретін сол сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізу туралы өтінішпен жүгінуіңіз қажет. 4 наурыздан бастап 19 наурыз күнгі сағат 18:00-ге дейін өзіңіздің елді мекеніңізден тысқары жерге шыққан жағдайда сіз тіркелген жеріңіз бойынша сайлау учаскесінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін ала аласыз. Есептен шығару куәлігі өз елді мекенінің шегіндегі басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келген сайлаушыларға берілмейді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.