Атбасар электровоз жөндеу зауыты ауданда ғана емес, облыс, тіпті республика аумағына жақсы танымал іргелі кәсіпорын саналады.

Өз ісінің шебері

Электровоздарды ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізетін зауытта қажетті қосалқы бөлшектердің дені өздерінде шығарылады. Кәсіпорында өз ісін жақсы білетін білікті мамандар аз емес. Электродвигательді жөндеу жөніндегі слесарь Ерболат Серікбаев он бес жылдан бері осында үзбей жұмыс істеп келеді. Он саусағынан өнер тамған білікті маман аса күрделі электр двигательдерін жөндеу жұмыстарын жан-жақты меңгерген. Өз жұмысын жақсы білетін ол, соны-мен бірге, сондай-ақ жастарға тәлімгерлік етуде.
Атбасар ауданы.
Суретте: слесарь Ерболат Серікбаев жұмыс үстінде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар