Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бірыңғай өлшем жүйесінің мәні зор - АРҚА АЖАРЫ

Бірыңғай өлшем жүйесінің мәні зор

Өткен жылы облыстық техникалық реттеу және метрология департаменті қырықтан астам мемлекеттік метрологиялық бақылау жүргізді. Бірқатар нысандарда ереже мен норма бұзушылықтар анықталды.

Тексеру нәтижесінде үш жүзден астам өлшеу аспабы пайдаланылмайтын болып, бір миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Мемлекеттік бақылаудың негізгі бағыты – өңірдің денсаулық сақтау және білім саласындағы метрологиялық ережелер мен нормалар талаптарын сақтауды бақылау. Аталмыш салалардың 35 шаруашылық субъектісіне тексеріс жүргізілді. Талапты сақтамағандарға әкімшілік айыппұл салынды. Қазақстан Республикасы Бірыңғай өлшемін қамтамасыз ету жүйесінің мемлекеттік тізіліміне енгізілмеген, тексерістен өтпеген және қолдануға жарамайтын екі жүзден астам өлшем аспаптарын қолданыстан алу жөнінде ескерту жасалды. Осыған байланыс-ты, одан әрі ереже бұзушылықтарды болдырмас үшін органдар өзге мекемелерде де келеңсіздіктердің алдын алу жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша кәсіпкерліктің 8 субъектісіне жос-пардан тыс тексеріс жүргізілді. Оның ішінде облыстағы прокуратура органдарының бастамасымен тексерілген медициналық, транспорттық қызмет көрсету, әуе транспорты салалары бар. Бұларда да метрологиялық ереже мен норма бұзушылықтар анықталған. Мәселен, Көкшетау транспорттық прокуратурасымен бірге «Казаэронавигация» кәсіпорнына қатысты әуе транспортын пайдалану және авиацияның жұмысы жөнінде заңнамалық тексеріс жүргізілді. Тексеріс барысында радиологиялық қондырғыға қызмет көрсету саласында қолданылатын өлшем аспаптарының қолданылуы анықталды. Оның ішінде мемлекеттік тізілімге енгізілмеген және сынақтан өтпеген радиомаяк дыбысын өлшеуге арналған аспап та болды. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авиациялық қауіпсіздікке бағытталған заңнаманың сақталуы мәселесі бойынша «Көкшетау Авиакомпаниясы» акционерлік қоғамында мезгілдік тексерістен өтпеген 7 өлшегіш аспабының қолданылуы анықталды.
Прокуратурамен бірге «Казгидромет» мемлекеттік кәсіпорнының филиалына тексеріс жүргізілді. Мұнда да мезгілдік тексерістен өтпеген 135 өлшегіш аспаптың қолданылуы белгілі болды. Тексерістен өтпеген және бірыңғай өлшемді қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілмеген, мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын өлшегіш аспабын қолдану түрінде бірыңғай өлшемді қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасы Заңнамасын бұзушылық «Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі» Қазақстан Республикасы Кодексінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады. Прокурор актілері бойынша әкімшілік шаралар қолданылды, төрт әкімшілік айыппұл салынды. Өнімнің сәйкестігін айғақтайтын заңсыз құжаттар беруге қатысты өткен жылы департамент аккредитация субъектілеріне жос-пардан тыс екі мемлекеттік бақылау жүргізді. Осы субъектілерді тексеру нәтижесінде Қытай, Жапония мен АҚШ-та жасалған автокөліктерге заңсыз 19 сертификат берілгені және сәйкестігін бекіту жұмыстарының тәртібі бұзылғаны анықталды. Мемлекеттік кірістер комитетінің органдарымен бірге сәйкестікке берілген сертификаттар тізіліміндегі шетелдерге шығарылатын өнімдер сәйкестігін айғақтайтын құжаттар
сапасы ретінде сәйкестікке ұсынылған сертификаттарды тексеру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі күні кедендік, тұтынушылардың құқын қорғау және техникалық реттеу органдары бірлесіп қарастырған камералық бақылау жүйесі енгізілді. Өткен жылы кедендік декларациялау кезінде берілген 77 сертификаттың сәйкестігіне тексеріс жүргізілді. Сонымен қатар, қауіпті импорттық өнімді еліміздің аумағына өткізбеу мақсатында өнімнің ұлттық және халықаралық заңнамаға сәйкестігін бекіту жұмысын жүргізу тәртібін түсіндіру бойынша мемлекеттік кірістер органымен және кедендік іскерлермен кеңес өткізілді. Мемлекеттік органдар жұмысын бақылауды одан әрі оңтайландыру мақсатында ерекше тәртіп, іріктеп тексеру, жоспардан тыс және өзге де тексеріс түрлері тәрізді тәуекелдікті бақылау негізінде тексеріс ұйымдастыруға көшу жүргізіліп, тексерудің жаңа түрлері енгізілді. Ол жөнінде биылғы жылы қолданысқа енген «Қазақстан Рес-
публикасы Кәсіпкерлік кодексінде» толық жазылған.
Қымбат металдардан және қымбат тастардан жасалған әшекейлік өнімдер еліміздің аумағына әкелінуіне немесе шетелге шығарылуына мемлекеттік бақылау жүргізіледі. Бүгінгі таңда өңірдің 7 заңды тұлғасы мен жеке кәсіпкері әшекейленген өнімдердің операциясын жүргізуіне қатысты арнайы есепке қойылды. Осы өнімдерді сататын рынокты тәртіпке келтіру мақсатында Елбасы «Қымбат металдар және қымбат тас-тар жөніндегі» Қазақстан Респуб-
ликасы Заңына қол қойды. Бұл Заң қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұнда қымбат металдардың құрамын анықтау және әшекейлік өнімдерге құрамдық белгі қою бойынша міндетті талаптар қарастырылған.
Көп жылдардан бері әшекейлік өнім саудасы бақылаусыз қалды. Дегенмен, қолданылған шаралар алдауды және контрафактілік әшекейлік өнімдердің контрабандысын тоқтатуға  мүмкіндік береді. Департамент өткен жылы Ақмола облысы мен Көкшетау қаласындағы 32 мекемеге Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер жүйесінің заңдылығын сақтау жөнінде мониторинг жүргізді. Бірқатар әкімшілік ғимараттарда мемлекеттік ту мен елтаңба, мемлекеттік органның атауы жазылған тақтайша болмады. Түнде мемлекеттік рәміздерге жарық түсірілмейді. Мемлекеттік елтаңба бейнелеген мөр стандарт талаптарына сәйкес келмейді. Осы орайда, 7 ауданаралық семинарлар өткізіліп, өңірдің мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының өкілдері қатысты. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының 36 кәсіпорнына мемлекеттік ту мен елтаңбаны дайындау жұмысына мемлекеттік лицензия берілген.
Үгіт-түсінік беру жұмыстарының аясында техникалық реттеу мәселесі бойынша өңірлік штабтардың 12 отырысы өткізілді. Өңірлік штабтардың отырыстарында қаралатын негізгі бағыттың бірі – Кедендік одақтың техникалық регламенттерін енгізуді талқылау, ұсыныстар мен жобалар жөнінде ескертуді тыңдау. Еуразиялық Экономикалық одақ шеңберінде қабылданатын техникалық регламенттер тізілімін есепке алып, кәсіпорындарды жаңа талаптарға бейімдеудеміз. Техникалық регламенттердің бірінші рет енгізілуіне сәйкес, жұмыс жүргізетін бизнес субъектілерінің отандық бизнеске деген қызығушылығын арттырып, міндетті жағдайлар нормаларының қолдану тәртібін түсіндіреміз. Өткен жылы департамент техникалық реттеу және метрология жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, семинарлар мен конференциялар өткізу тәрізді 65-тен аса түсінік шараларын өткізді.

Ғинаят ҚАСЕНОВ,
облыстық техникалық реттеу және метрология
департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар