Көкшетаулық спортшы Аян Бейсенбаев триатлоннан Африка кубогында топ жарды.
Зимбабве елінде өткен байрақты бәсекеге үздіктер қатарында Қазақстан құрамасы да қатысты. Ел құрамасы сапында 3 ақмолалық спортшы бақ сынады. Олимпиадалық қашықтық бойынша сынға түскен спортшылар 1500 метр суда жүзу, 40 шақырым велосипедпен өту және 10 шақырымды жаяу жүгірулері тиіс болатын.
Тартысты өткен додада бабы мен бағы қатар шапқан жерлесіміз Аян Бейсенбаев алтын жүлдегер атанып, жазғы Олимпиада ойындарына берілетін жолдамаға қажетті маңызды ұпайға қол жеткізді. Сонымен қатар, тағы бір жерлесіміз Темірлан Теміров 5-ші орыннан көрінсе, Валентин Мещеряков 12-ші болып келді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.