Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қамданған қапы қалмайды - АРҚА АЖАРЫ

Қамданған қапы қалмайды

Былтырғы жылы облысымыздың бірақатар аудандарында көктемгі су тасқыны орын алып, тұрғындарды біраз әбігерге салғаны белгілі. Биылғы қыста да қар мол түсті. Сондықтан, алдағы көктемде тасқынды болдырмау шаралары қазірден бастап қолға алынуда.

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мамандарының мәліметіне қарағанда биыл облыс аумағындағы өзендердің түбіне жиналған шөгінділер деңгейі әдеттегі қалыптан 1,5-2 есеге жоғары болып тұр. Бұл жағдай облыстың 10 ауданында және Щучинск, Степногорск қалаларында тіркелген. Осыған байланысты аймақта тасқынның алдын алу жөніндегі облыстық шұғыл штаб құрылды.
Өткен жылдардағы орын алған су тасқындары деректерін саралай келе, облыс аумағындағы су тасқыны орын алуы мүмкін,  қауіпті 16 өзен аумақтары анықталып (Коко, Жабай, Сарықамыс, Талқара, Жыланды, Есіл, Қылшақты, Колутон, Шағалалы, Нұра, Қайрақты, Қызыл су, Жолболды және Боқсық) бақылауға алынды.  Департамент су тасқынының алдын алу жұмыстарын бастап кетті. Атап айтқанда, облыстың елді мекендерінен 240 мың текше метр қар шығарылып, 22 мың тонна инерттік материалдар, 9,65 мың қап, 340 тонна жанар-жағармай дайындалды. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар және шаруа қожалықтарымен елді мекендерден қарды шығару жұмыстарына көмек көрсету үшін меморандумдар жасалып, келіссөздер жүргізілуде.   
Облыс аумағындағы жағдайды тұрақты түрде бақылап, сараптау үшін гидрометео-логия бойынша облыстық орталықтың 29 метеобекеті, 19 гидробекеті, 10 агрометеобекеті тұрақты түрде жұмыс істейді. Аудандық әкімдіктердің ықпалымен өзен суларының жағдайы мен деңгейін бақылайтын 80 қосымша бекет ұйымдастыру да қолға алынуда.   
Жалпы облыстағы тасқын болу қаупі бар кезең аралығында көмек көрсету үшін облыстың азаматтық қорғаныс құрылымдарында 2174 адам, 504 бірлік техника, 188 бірлік су сорғыш техника және 42 бірлік жүзу құралы сақадай сай тұр.
Сонымен қатар,  аудан әкімдіктері қауіпті аймақтардан адамдарды көшіруге арнайы 145 қабылдау орындарын, 250 палатка, 1,2 мың кереует және 4,4 мың төсек жабдықтарын дайындап қойды.

Арман ӘБДІҚАЛЫҚОВ,
облыстық төтенше жағдайлар
департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар