Өтінім электронды түрде рәсімделеді

«Мемлекеттік мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 бұйрығына сәйкес (бұдан әрі – Қағида), Ақмола облысының қаржы басқармасы өз құзыреті шегінде баланс ұстаушылардың ақпараттары, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өтінімдері негізінде облыстық коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға беруді (жалға алу) жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы №679 бұйрығымен қағидаға 2015 жылдың 18 желтоқсанынан бастап қолданысқа енген өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде  2015 жылдың 7 желтоқсанында және жалпыұлттық «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде 2015 жылдың 9 желтоқсанында ресми жарияланған.
Осы өзгерістерге сәйкес, 2015 жылдың 18 желтоқсанынан бастап жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (gosreestr.kz) тендер өткізу (екі немесе одан көп өтінім ұсынылған жағдайда, жүз шаршы метрден астам ауданы бар ғимараттар, жайлар және құрылыстар берілген жағдайда, қалдық құны 150 еселік айлық есептік көрсеткіштен асатын өзге де мүлікті (автокөлік құралдары, жабдықтар, жиһаз, оргтехникасын беру) немесе тендер өткізусіз (жүз шаршы метр-ге дейінгі жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды, қалдық құны 150 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын өзге де мүлікті (автокөлік құралдары, жабдықтар, жиһаз, оргтехникасын беру) объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге электронды түрде өтінім береді.
Өзгерістер енгізілгенге дейін жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалармен объектілерді жалдауға беру үшін өтінім объектінің атауы, оның баланс ұстаушысы, сондай-ақ, объектіге қажеттілік негіздемесінің көрсетілуімен ерікті түрде рәсімделді.
Тендер өткізусіз мүліктік жалға беру үшін өтінім элетронды түрде тізілімнің веб-порталында («Электрондық құжат және электрондық сандық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы №370 Заңына сәйкес, электрондық сандық қолтаңбаның қолданылуымен – (ЭЦҚ) объектінің атауы, оның баланс ұстаушысы, сондай-ақ, объектіге қажеттілік негіздемесінің көрсетілуімен келесі құжаттардың  электронды (сканерленген) көшірмелерінің қосымшасымен рәсімделеді: заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың) және жарғының көшірмелері; жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (жеке кәсіпкерлер үшін) көшірмелерін, тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамасы; шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріне аудармасы бар нотариалдық куәландырылған шетелдік паспорт немесе құрылтай құжаттары.
Тендерге қатысу үшін қатысушы: жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін, тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда); заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін, толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда); кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;  байланыс деректерін (пошталық мекен-жайын, телефонын, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімге енгізілген деректерді өзгертеді.
Қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының электрондық сандық қолтаңбамен берілген нысан бойынша мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) ұсыну бойынша тендерге қатысуға өтінімді тіркеу қажет.
Қатысушылар тізілімнің веб-парағында арнайы бөлінген электрондық конвертке жүктелетін тендерлік шарттарға келісім мен бағалық ұсынысты тендерге қатысуға өтінімді тендерді өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыға (жалға алушыға) қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып тіркейді.
Шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдерінде аудармасы бар нотариалдық куәландырылған шетелдік төлқұжатының немесе құрылтай құжаттарының нотариалдық расталған көшірмелерін ұсынады.
Қатысушылардың тендерге қатысуға арналған өтінімдері мен оларға қоса берілетін электрондық (сканерленген) құжаттардың көшірмелері тізілімнің дерекқорында сақталады және тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген күні мен уақытына дейін жүктеу және қарау үшін қолжетімсіз болады.

Ақмола облысының қаржы басқармасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар