Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді - АРҚА АЖАРЫ

Қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді

Облыс әкімі Сергей Кулагин Ақмола облысы қоғамдық кеңесінің  құрамымен жұмыс кеңесін өткізді.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 99-ыншы қадамын орындау мақсатында өткен жылдың аяғында «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған болатын. Осының негізінде еліміздің барлық аймақтарында жаңа қоғамдық институттар – Қоғамдық кеңестер енгізілді. Заңға сәйкес Қоғамдық кеңестер бюджет бағдарламалары жобалары мен азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын, стратегиялық жоспарларды, аумақтардың даму бағдарламаларын қарап, талқылайтын болады. Сондай-ақ, мемлекеттік аппаратты жетілдіру, оның мөлдірлігін қамтамасыз ету мәселелерін қарастырып, мемлекеттік органдарға заңдылықты жетілдіру, тағы басқа мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізеді.

Облыстық мәслихаттың сессиясында бекітілген Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің құрамына 21 адам кірді. Олардың арасында әртүрлі жастағы және әртүрлі қызмет саласындағы адамдар, атап айтқанда, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен мәслихат депутаттары бар.

Облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин атап өткеніндей, Қоғамдық кеңестердің шешімдері ұсыныс түрінде болғанымен, мемлекеттік органдар оларды қарауға міндетті, ал, ұсыныстардың жүзеге асырылу барысы қоғамдық жұртшылықтың бақылауында болады.

Қоғамдық кеңес мүшелерін қабылдаған облыс әкімі Сергей Кулагин жаңа құрылымның жұмысына табыс тілеп, ел игілігі жолында ынтымақтаса жұмыс істелетініне сенім білдірді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.    

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар