Әзірге – үш ұйым

 2016 жылғы 23 ақпанда Орталық сайлау комиссиясында халықаралық ұйымдардан байқаушылар Миссиясының қызметін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары туралы  брифинг болды.
  Орталық сайлау комиссиясында өткен брифинг барысында ҚР ОСК мүшесі Т.Охлопкова: «Сайлауды байқау сайлауға деген ұлттық және халықаралық сенімді нығайтуға ықпал ететінін ескере отырып, Қазақстан өз міндеттерін орындай отырып, 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға байқаушылар институтын ашты» деп атап өтті.
Қазақстанда 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды байқауды үш халықаралық ұйымның Миссиясы жүзеге асырады. Олар: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы. Бүгінде Ортсайлауком Сыртқы істер министрлігінің ұсынымы бойынша ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясынан 40 байқаушыны және ТМД байқаушылар Миссиясынан 12 байқаушыны аккредиттеді.
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының құрамында 400-ден астам, ТМД-дан байқаушылар Миссиясының құрамында 300-ден астам, ШЫҰ Миссиясының құрамында 10-нан астам байқаушының келуі күтілуде. Сыртқы істер министрлігі қазіргі кезде шетелдік БАҚ-тың 99 өкілін аккредиттеді.

 

 

Үміткерлер белгілі

 

Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2016 жылғы 23 ақпанда мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды.

Ортсайлаукомда болған брифинг барысында ҚР ОСК мүшесі М.Сәрсембаев БАҚ өкілдерін сайлау науқанының аталған кезеңінің жалпы қорытындыларымен таныстырды.

 

Жалпы республика бойынша округтік сайлау комиссиялары барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына 10825 кандидатты тіркеді. Осылайша, орташа бәсекелестік 1 депутаттық мандатқа 3 үміткерді құрайды. Тіркелген кандидаттардың 1592-сі облыстық мәслихаттарға, 121-і Астана қаласының мәслихатына, 130-ы Алматы қаласының мәслихатына тіркелді.
Аудандық мәслихаттар депутаттарының мандаттарына 6862 кандидат, ал қалалық мәслихаттарға 2120  кандидат үміткер.  Тіркелген кандидаттардың 3407-ін саяси партиялар, 17-ін  қоғамдық бірлестіктер ұсынған, 7401-і  өзін-өзі ұсынғандар.
 «2012 жылғы сайлаумен салыстырғанда, тіркелген кандидаттар  саны 2016 жылы 1660 адамға көбейді, яғни, жергілікті өкілетті билік органдарына сайлауда біздің азаматтардың электораттық белсенділігі едәуір өсті», – деп атап өтті М.Сәрсембаев. 24 ақпаннан бастап мәслихаттар депутаттығына тіркелген кандидаттар үгіт жұмысына кірісті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар