Дәстүрден бастау алады

Құрметті ақмолалықтар!
Биылғы жылдың 1 наурызында еліміз тұңғыш рет жаңа мереке – Алғыс күнін атап өткелі отыр. Бұл мереке Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен күнтізбемізге енгізілген болатын.
Дәл осы күні 1995 жылы қазақстандықтардың санасына бірлік пен тұрақтылық, татулық пен еңбексүйгіштік және отансүйгіштік сияқты ұлы мақсаттарды сіңірген институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын. Бұл мереке қазақ халқының ежелден келе жатқан кеңпейілділік пен қонақжайлылық сияқты қанына сіңген мәдени және тарихи дәстүрлерінен бастау алады.
Бұл күн елімізде қалыптасқан татулық пен бірлікті, тұрақтылықты онан әрі нығайтуға, мемлекеттік саясатымыздың алға ұстанған бағдары мен ұлы мақсаттарына қарай нық қадам басуға халықты жұмылдыруға игі ықпалын тигізетініне сенемін.
Қадірлі жерлестер! Сіздердің азаматтық ұстанымдарыңыз, тәуелсіз Қазақстан елі үшін атқарып жатқан адал еңбектеріңіз үшін алғысым мен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Отбасыларыңызға игілік пен бақыт, жақсылық пен татулық тілеймін!
Сергей Кулагин,
Ақмола облысының әкімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар