Әйелдер белсенді

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың қатысуымен  іскер әйелдердің облыстық конференциясы болып өтті.

«Мемлекет тағдыры – менің тағдырым» деп аталған жиынға басқарма басшылары, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер мен білім беру саласының өкілдері қатысты. Іскер әйелдердің жетістігін көрсету мақсатында ұйымдастырылған шарада облыс әкімінің орынбасары сөз сөйлеп, әйелдер қауымын төл мерекелерімен құттықтады. Және кәсіпкерлікте әйелдердің үлес салмағы 60 пайыз екенін атап өтті.
Бұдан соң   Ақмола облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Дәмелі Қойшина сөз алып, өңіріміздегі кәсіпкер әйелдердің жұмысы жайында баяндады. Іскер әйелдердің облыстық конференциясы Ақмола облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысымен жалғасты. Жиын қорытындысында облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов қоғамда отбасы рөлінің артуына, жастарды патриотизм рухында тәрбиелеуге үлес қосқан азаматтарға Алғыс хаттар табыс етті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

(Конференциядан есепті газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар).

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар