Несие көмектеседі

Облыс әкімі Сергей Кулагин Еуропалық жаңғырту және даму банкінің өкілдерімен кездесіп, іскерлік байланыс жасауға облыстың ынталы екендігін атап өтті.

– Менің тікелей нұсқауым бойынша сіздің банкіңіз бен Көкшетау қаласы әкімдігінің арасында сумен, жылумен қамтамасыз ету және пайдаланылған суды шығару жобалары бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, біз Степногорск, Атбасар, Ерейментау, Державинск, Макинск қалалары мен Аршалы кентінде осы бағыттағы нысандардың құрылысын салу және қайта жаңғыртуға арналған жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Өз тарапымыздан  қажетті құжаттарды ұсынуға және несиелендіру үшін керекті  ақпараттарды жинақтауға ықпал жасауға әзірміз, – деді аймақ басшысы кездесуде. Өз кезегінде Еуропалық жаңғырту және даму банкінің Ресей мен Орта Азия елдері бойынша құрылымдық департаментінің жетекші банкирі Бахтиер Файзиев банк ұсынылған жобалардың бәрін де қарастыратындықтарын мәлімдеді. Оның үстіне ұсынылған жобалардың біреуін серпінді жоба түрінде қарау жоспарланып отырғандығын жеткізді. Бұл – Көкшетау қаласын сумен қамтамасыз ету жобасы.
Кездесу барысында Еуропалық жаңғырту және даму банкі тұрғын үй-коммуналдық саласындағы қаржыландыруды қажет ететін басқа да жобалардың тұсаукесерін жасады.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар