Құрметті ақмолалық қыз-келіншектер!

 Баршаңызды жарқын көңілді көктемнің мерекесі 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Тәуелсіз еліміздің ширек ғасырлық тарихында мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершіліктерін терең сезіне отырып, біздің қыз-келіншектеріміз өздерінің мейірімді де шуақты жан дүниелерімен, қажырлы еңбектерімен, қоғам алдындағы парыздарын адал атқарып келеді. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық нығаюына да қазақстандық қыз-келіншектердің қосып келе жатқан үлестері зор екендігі анық жай.
  Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әйел – өмір тірегі ғана емес, әйел – өмірдің өзі», – деп бағалай отырып, мемлекет тарапынан әйел мен баланың жағдайын жақсартуға әрдайым көңіл бөлінуін ұдайы өз назарында ұстап келеді.Біз өздерінің еңбектерімен, қайраткерлік қасиеттерімен қалың елге әйгілі болып жүрген ақмолалық қыз-келіншектердің қатарының жыл сайын көбейіп келе жатқандығын мақтаныш етеміз де, шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
Бүгінгі мереке күні әр шаңырақтың әжелері мен аналарын, қыз-келіншектерін мерекемен құттықтай отырып, әр отбасына бақыт пен береке, ырыс пен дәулет, қызық пен қуаныш, бақытты жақсылықтар тілейміз.
   Рашит ӘКІМОВ,
  Жабал ЕРҒАЛИЕВ,
Парламент Сенатының депутаттары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар