Облыс әкімі Сергей Кулагин Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр селосында осы елді мекеннің жағдайымен танысты.
Селоны жылумен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған модульді жаңа қазандықтың құрылысы аяқталуға жақын.
– Құны 852,5 миллион теңгеге түсетін бұл құрылысты іске қосу 23 көп пәтерлі тұрғын үйді, 12 заңды, 6 әлеуметтік-мәдени нысанды жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – дейді жылу орталығының басшысы Данияр Ақыбаев өз сөзінде. Осы орайда, облыс әкімі қазандық құрылысын сәуір айында аяқтап, алдағы жылу беру маусымына сақадай сай ету міндетін қойды.
Сергей Кулагин №3 Краснояр орта мектебінің бұрынғы босатылған ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына да назар аударды. Ол 180 балаға арналған. Құрылтайшы «Ваву Вum» серіктестігі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 70 миллион теңгеге жөндеп, осы көктемде пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.