Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Масленица мерекесі - АРҚА АЖАРЫ

Масленица мерекесі

Өткен жексенбі күні облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңында «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен славян халықтарының мерекесі – Масленица атап өтілді.

  Аталмыш мейрам бір жағынан қыспен қоштасатын, шуақты көктемді қарсы алатын күн ретінде тойланса, сонымен қатар, өкпелі адамдарды бір-бірімен татуластырып, адамдарды жасаған қателіктері үшін кешірім сұрауға үндейтін күн. Әдетте, орыс халқы Масленицаны Ұлы ауыз бекіту қарсаңында бір жұма бойы атап өтіп, кейін қырық күн бойы Пасхаға да-йындалады.
Бұл жолы Ақмола облысының орыс қауымдастығы бастау болған мерекелік шараға қоғамдық бірлестіктің аудандардағы филиалдары да үн қосты. Сахна төрінде Көкшетау мәдениет сарайының шығармашылық ұжымы, Аршалы ауданынан келген «Задоринка», зеренділік «Сударушка» вокалдық ансамбльдері, сандықтаулық «Журавушка» халықтық фольклорлық ансамблі алаңға жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Осы өнер ұжымының мүшесі Геннадий Поляковты сөзге тартқанымызда ол еліміздегі береке-бірлікті әнге қосып жүргенін зор мақтаныш санайтынын айтып, барша жерлестерін көктемнің келуімен құттықтады. Айта кетейік, 1986 жылы құрылған «Журавушка» ансамблінің репертуары бүгінде құлақ құрышын қандыратын халықтық әндерге толы. Салтанатты шараны көпшілікпен бірге атап өту үшін Зеренді ауданынан арнайы келген Елена Мартын да бізбен әңгімесінде барша қауымға жақсылық пен молшылық тілеп, мерекенің шығу тарихы жайлы ой бөлісті.
–Масленица – бір күн емес, апта бойы тойланады. Әрі әр күнді  тойлаудың өзіндік ерекшелігі болады. Дүйсенбі кездесу күні, сейсенбі ойын ойналады, сәрсенбі тәтті тамақ пісірілсе, бейсенбі серуен басталады, ал жұма қайын ененің үйінде қонақта болса, сенбі қайын апа шаңырағында жүздесу, ал жексенбі күні кешірім сұрау басталады, – деді ол.     
Әсем ән де, ұлттық киімдермен жасанған көркемөнерпаздардың мың бұралған билері де бұл күннің шырайын келтіре түсті. Сондай-ақ, арнайы құрылған павильондарда тәттілер мен қолөнер туындылары сатылды. Ал, Масленица мерекесінің дәстүрлі тағамы құймақ тұрғындарға тегін таратылды. Шеңбер пішіндес құймақ күн бейнесін кескіндеп, көктем мен жылылықтың символын, мерекенің бұлжымас белгісін айшықтап тұрғандай көрінді. Спорттық ойындар ұйымдастырылып, қуыршақты жағу рәсімін де көпшілік қызыға тамашалады. Бұл шараларды Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев аралап көріп, жиналған қауымды мерекелерімен құттықтады.  
 
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген
Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар