Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мақсат пен мүдде ортақ - АРҚА АЖАРЫ

Мақсат пен мүдде ортақ

Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Ахмед Мурадов, Юрий Тимощенко мен Нарииэ Микаелян сайлауалды бағдарламаларын ортаға салу мақсатында Көкшетаудағы Достық үйінде өңірдегі этномәдени бірлестік жетекшілерімен және жұртшылық өкілдерімен кездесу өткізді.

  Жүздесуде үміткерлер бүгінгі таңда Парламентте Ассамблеяның рөлі  зор екенін тілге тиек етіп, бесінші шақырылымда сайланған депутаттардың өздеріне сайлаушылар тарапынан сеніп тапсырылған міндеттерді абыроймен атқара білгендіктері жайлы айтып өтті. Бірқатар әлеуметтік, саяси маңызы бар мәселелер Ассамблея атынан сайланған депутаттардың араласуымен шешімін тапқан. Нақтырақ тоқталсақ, жер қатынастары саласындағы, денсаулық сақтау жөніндегі заңнамаларға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліпті.
Бұл жолы да үміткерлер сайлауалды бағдарламаларына маңызды әлеуметтік мәселелерді негіз етіп отыр. Жиында сөз алған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Ахмед Мурадов этномәдени бірлестік жетекшілеріне Парламентке өздерін толғандырған сұрақтарын жолдап отыруды, әр сайлаушының пікірі маңызды екендігін, кандидат Юрий
Тимощенко алдағы уақытта мемлекеттік мерекелерді ғана емес, ұлттық мейрамдарды да кең көлемде атап өтуге бюджеттен қаржы бөлу мәселесін назарда ұстайтындығын жеткізді. Сондай-ақ, кездесу барысында кандидаттарға доллар бағамының өсуіне байланыс-ты дәрі-дәрмектің, кейбір отандық тауарлардың қымбаттағаны, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы саласын дамыту жайлы сауалдар қойылып, өтініштер айтылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар