Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Солтүстікте түйе өсірсек... - АРҚА АЖАРЫ

Солтүстікте түйе өсірсек…

Кезінде Целиноград облысының «Еркіншілік» кеңшарында осы шаруашылықтың директоры Андрей Риммердің шаруақорлығының арқасында 300-ден аса түйе өсіріле бастаған болатын.

1970-1980 жылдары Қорғалжында  және  Целиноград қаласында түйе  ұстаған адамдар болғаны есімізде. Олар өз түйелерін кейін Наурыз секілді мейрамдарда жалға беріп, халықты қызыққа батыратын.
Экономикамыз өсіп, мемлекетіміз нығайған осы заманда Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан  Мамытбеков мырза осы істі қолға алуға бастамашы болса, нұр үстіне нұр болары анық. Солтүстіктің, әсіресе, Қорғалжын, Ерейментау аудандарының табиғаты мен жер ыңғайы түйе түлігін көптеп өсіруге қолайлы. Осынау  жануардың бағым-күтімін  жақсы  білетін Монғолиядан қоныс аударған ағайындарымыз да бар. Соларға  «Сыбаға» немесе «Агрокредит» арқылы жеңілдікпен несиелер берілсе, іс  оңға басып кетер еді. Министрлікте, аймақтар мен облыстарда да мұны ойлайтын мамандар бар шығар. Бұрын өңірімізде түйе көп болған ғой.
Смағұл РАХЫМБЕК,
жазушы.
Астана қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар