Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысына қатысты.

Отырыста партияның Парламент сайлауына қатысу қорытындылары талқыланды, сондай-ақ, кандидаттардың партиялық тізімі бойынша  Парламент Мәжілісіне депутаттық мандаттарды бөлу кезегі анықталды. Мемлекет басшысы сайлауда «Нұр Отан» партиясына теңдессіз қолдау көрсетілгенін, сондықтан, осындай жоғары сенімді ақтау қажеттігін атап өтті.
Қазақстан Президенті сайлау үдерісін 1000-ға жуық байқаушылар мен әлемнің 51 елінен 150-ге тарта бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бақылағанын айтты. Сайлау ашық, жария түрде өтіп, жоғары деңгейде ұйымдастырылды деп танылды. Жалпы алғанда, қазақстандықтар бірлігі мен тұтастығын, сондай-ақ, ел дамуына үлес қосуға ұмтылысын паш етті. Мемлекет басшысы жаңа шақырылым депутаттары сенімді ақтауы тиіс екендігін, өйткені оларға Ұлт жоспарын тиімді жүзеге асырудың айрықша жауапкершілігі жүктелетінін айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев кандидаттардың бекітілген тізімі барлық талаптар мен өлшемдерге сай екеніне, өңірлік, әлеуметтік, кәсіби тұрғыдан екшелгеніне назар аударды. Қазақстан Президенті депутаттардың Парламентте жетекші саяси күш – «Нұр Отан» партиясы атынан өкілдік ететінін атап айтты.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы партияның алдына бірқатар міндеттер қойды. Отырыс барысында Саяси кеңестің Бюро мүшелері – Парламент Сенатының төрағасы Қ.Тоқаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі А.Башмаков сөз сөйледі. Саяси кеңес бюросының жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттық мандаттарын бөлу кезегін анықтау туралы қаулы қабылданды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар