Ерейментаудағы жәрмеңке

 Аудан орталығында Наурыз мерекесіне орайластырылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеде тұрғындар ет, сүт және ұннан жасалынған  арзан әрі сапалы азық-түлік өнімдерін сатып алды. Осы күні ауыл шаруашылығы өнімдеріне тұрғындардың сұранысы жоғары болды. Жәрмеңкені аралап көрген аудан басшысы Ермек Нұғыманов қала тұрғындары үшін оның қолайлы болғанын және игі бастаманың алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.
– Бүгінгі таңда біздің өз ауданымыздың аумағында жүзеге асыра алатын, қолдан келетін шарамыздың бірі осы жәрмеңке. Сол себепті, осындай жәрмеңкені алдағы уақытта да тұрақты ұйымдастырып тұратын боламыз, – деді аудан әкімі тұрғындармен әңгіме барысында.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Ерейментау ауданы.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар