Мұғалімдердің желілік қоғамдастығы

білім берудің жаңа әдістеріне игі ықпалын тигізбекші 

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жас ұрпаққа әлемдік стандарттарға сай сапалы білім беру жайы жан-жақты қамтылған.
Еліміздің ертеңгі тізгін ұстары – жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беруде мұғалімнің рөлі зор екендігі айтпаса да түсінікті. Осы орайда, мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселесі ерекше назарда ұсталады.  Өткен жылы уақыт талабына сай білім беру, озық инновациялық тәжірибелерді тарату мақсатында мұғалімдердің желілік қоғамдастығын құру ісі қолға алынған болатын. Осы мақсатта Көкшетау қаласындағы №18, №1, №5, №6 орта мектептердің базасында сынақ алаңдары ұйымдастырылды. Сыни тұрғыдан ойлау, балалардың оқудағы жетістігін дәрежелеп бағалау, мектептегі сабақты талдау технологиясы болып табылатын Lesson Stuby технологиясын қолдану арқылы оқыту тәжірибесін жақсарту мақсатында жылдық жұмыс жоспары жасалды. Мектептердің арасындағы ынтымақты дамыту, жекелеген мектептерде оқитын оқушыларды ғана емес, барлық мектептерде оқитын оқушыларды «Білім беру желілеріне» біріктіру уақыт өткен са-йын маңыз алып келеді. Мұндай желілік қоғамдастық ең алдымен олардың кәсіби деңгейінің өсуіне, тәжірибе алмасып, жаңа технологияларды игеруіне игі ықпалын тигізбек.
Көкшетау қалалық білім бөлімінің жылдық жоспарына сай биылғы жылдың ақпан айында «Биоинформатика және синергетика» технологиялары бойынша іс-тәжірибелерді тарату мақсатында №4 орта мектепте мұғалімдерге арналған семинар-практикум өткізілді. Ал, наурыз айының басында №13 мектеп-гимназия-сында «XXI ғасырдың оқушысының біліктілігін арттыру үшін оқытудың жаңа әдістемесін пайдалану» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.  Алдағы уақытта желілік қоғамдастық өз жұмысын одан әрі жалғастырып, оқытудың жаңа технология-
ларын игеру бағытындағы жұмыстарды жүргізе бермек. Бұл өз кезегінде мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға, сол арқылы оқушылардың білім сапасын көтеруге игі ықпалын тигізері анық.
Желілік қоғамдастықтардың ұйымдастырған әр семинарының жұмыстары қызықты да тиімді болуы үшін    әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Мысалы №1 орта мектепте үш секция бойынша жұмыс атқарылса, №6 орта мектепте желілік қоғамдастықтар «Іс-әрекет жүйесінің негізгі ұйытқысы – желілік қоғамдастық» тақырыбында  жарты жылда атқарған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті.  Өткізілетін әр семинардың рефлексия кезеңі семинар тақырыбымен байланысты болады және мұғалімдер ұсынылып отырған еңбек тәжірибелерін  өздерінің жұмыс тәжірибесінде пайдалана алады, тұрақты уәждеме жасауға әрекет етеді, жұмыстың коммуникативті және ұйымдастырушылық әдетін дамытады, жеке басының ойлауын жаттықтыруға және жетілдіруге көмектеседі.
Оқушылардың өз қабілеттерін іске асыруға мүмкіндік береді, оқып білім алып жатқан пәндеріне қызығушылықтарын арттырады.

Рабиға ӘБІЛХАМИТОВА,
Көкшетау қалалық білім бөлімінің
әдістемелік кабинетінің меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар