Алматыда спорттық биден өткен «Almaty Open 2016» үшінші халықаралық турнирінде жерлестеріміз жүлделі екінші орынға қол жеткізді.
«Зенит» спорт кешенінде ұйымдас-тырылған додаға еліміздің әр өңірінен барған 1000 жұп қатысты. Бишілер румба, джайва және самбо би ырғағы бойынша өнерлерін ортаға салды. Төрт жас айырмашылығы бойынша өткен турнирде Италия, Ресей, Литва, Испания, Латвия, Беларусь, Украина, Франция, Чехия, Финляндия, Жапония, Қытай, Казақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен келген 40-тан астам кәсіби төрешілер төрелік етті.
Соның ішінде «Реверанс» би-спорт клубында жаттығатын көкшетаулық Абай Зейнолла мен Дарья Никифорова жүлделі екінші орынға қол жеткізді. Сонымен қатар, тағы бір жұп Данил Смирнов пен Амаль Байсалбаева 5-орыннан көрінді.
– Бізден барған екі жұп та жақсы өнер көрсетті. Қазірден бастап олар алдағы жарыстарға жаттығуларын бастап кетті, – дейді облыстық спорттық-бал билері федерациясының басшысы Эльмира Шәріпова.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретте: Данил Смирнов пен Амаль Байсалбаева.