Қарттарға жанашырлық танытуда

«Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының белсенділері қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қамқорлыққа алуды одан әрі жалғастыруда.

Жуырда жастар Ұлы Отан соғысының ардагері Леонид Синельниковтың үйіне барды. Ақсақал 1941-1945 жылдары халықтың  жеңіске жету үшін қандай батырлық пен ерлік көрсеткені жайлы әңгімелеп, жастардың қойған сұрақтарына жауап берді.
Биыл 95 жасқа толғалы отырған Леонид қария Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін мұғалім болып қызмет атқарған екен. Содан жерлесіміз Кеңес әскерінің қатарына шақырылып, борышын Белоруссияда өтеді, осы  жерден майданға аттанды. Соғыста жаралы болып, үш рет тұтқынға да түскен. Көптен күткен Жеңіс күнін Леонид Дмитриевич Минскіде қарсы алды. Бұдан кейін ол Қиыр Шығысқа әскери қызметке жіберіліп, туған жері Көкшетауға тек 1948 жылы ғана оралды. Еңбек жолында көптеген медальдармен марапатталып, бүгінде немере, шөберелерінің қызығына бөленіп отыр.
Бұл күні жасотандықтар тыл еңбеккері, бірінші топтағы мүгедек Рудоба Жүсіпбаеваның да үйінде болып, оның отбасына тұрмыстық көмек көрсетті.  Айта кететін бір жай, бүгінде облысымызда тұратын барлық Ұлы Отан соғысының ардагерлері қамқорлыққа алынған.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар